«Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» (DIANA)

DIANA (Erasmus+ CBHE) жобасы - «Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» бағытталған халықаралық бастама.
Жоба Еуропалық Одақ тарапынан Erasmus+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (Capacity Building in Higher Education - CBHE) бағдарламасы шеңберінде бірлесіп қаржыландырылады және 36 айға (2025–2028 жж.) есептелген.
Жобаның негізгі мақсаты - әйелдерге ауылдық туризм саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті білім, практикалық дағдылар мен мүмкіндіктер беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру. DIANA жобасы туризмнің тұрақты дамуына ықпал етуге, жергілікті мәдени мұраны сақтауға және ауылдық жерлерде инновациялық туристік өнімдерді әзірлеуге бағытталған.
Жоба шеңберінде серіктес университеттер білім беру модульдерін әзірлейді, ауылдық қауымдастықтардағы кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған оқыту іс-шараларын, семинарлар мен пилоттық бастамаларды ұйымдастырады. Туризм саласындағы инновацияларға, цифрландыруға және тұрақты бизнес-модельдерді дамытуға ерекше назар аударылады.
DIANA жобасы халықаралық ынтымақтастықты, білім және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ әлеуметтік инновацияларды дамытуға арналған маңызды платформа болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік дамуға және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Жоба үйлестірушісі: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Қазақстан)
Жобаның іске асырылу мерзімі: 2025-2028 жж. (36 ай)
Жалпы бюджеті: 358 010,00 еуро
|
Жобаның мақсаты
Ауылдық жерлерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және олардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру арқылы DIANA жобасы Орталық Азия елдерінің экономикасын жаңғыртуға, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған жасыл экономиканың дамуына ықпал етеді. Тұрақты экономикалық өсуге және жаңа жұмыс орындарын құруға білім беру мен бизнестің өзара байланысын агро- және экотуризм саласындағы жеке сектордың қажеттіліктеріне барынша сәйкестендіру арқылы қол жеткізіледі. |
|
Жоба серіктестері
Еуропалық Одақ елдерінен серіктестер:
Орталық Азия елдерінен серіктестер Қазақстан:
Өзбекстан:
|
|
Күтілетін нәтижелер
|
Негізгі сілтемелер:
- Жобаның ресми сайты: https://diana-erasmus.uz/en
- Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі: https://erasmus.kz/en
- Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттік (EACEA): https://eacea.ec.europa.eu/homepage_en
Еуропалық Одақ қаржыландырады. Алайда осы материалда білдірілген көзқарастар мен пікірлер тек авторға (авторларға) тиесілі және міндетті түрде Еуропалық Одақтың немесе Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің (EACEA) ұстанымын білдірмейді. Еуропалық Одақ та, EACEA да осы материалда келтірілген пікірлер мен ақпарат үшін жауапты болмайды.
Соңғы өзгерістер күні:07.09.2026