Мансап орталығы

  Мәтінді оқу  
Орталық МІНДЕТІ:

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға және қазіргі еңбек нарығына бейімделуге жәрдемдесудің тиімді жүйесін құру, болашақ түлектердің мансабын құру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды дамыту мәселелерінде әдістемелік көмек көрсету.

Орталық МАҚСАТТАРЫ:
  • интеграцияланған менеджмент жүйесінің, оның ішінде сапа менеджменті жүйесінің; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу қағидаларының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің; сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесінің (СІҚЖ) талаптарын сақтау;
  • "Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ" КЕАҚ білім алушыларын кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру және кәсіптік-мансаптық іске асыру жөніндегі қызметті дамыту;
  • білім алушылар мен түлектердің жұмысқа орналасуының барынша мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында олардың еңбек нарығының жай-күйі мен үрдістері туралы бәсекеге қабілеттілік деңгейін және хабардар болуын арттыру;
  • білім алушылар мен түлектер үшін жұмыс беруші ретінде әрекет ететін кәсіпорындармен және ұйымдармен ұзақ мерзімді шарттық қатынастарды қалыптастыру, оның ішінде тағылымдамаларды, практикаларды, кәсіптік бағдарлау іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • түлектердің Университетпен байланысын сақтау бойынша жұмыс жүргізу, олардың мансаптық өсуін қадағалау, түлектерге кәсіби қызметте имидждік қолдау көрсету;
  • сапа менеджменті жүйесі шеңберінде жұмыс берушілердің қанағаттануы бойынша ақпарат жинауды ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуге қатысу.