Студенттік Парламент

  Мәтінді оқу  

Студенттік Парламент -  студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттердің маңызды мәселелерін шешуге, жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған студенттердің дербес, қоғамдық қызметінің формасы.

Студенттік Парламент жұмысының мақсаты: жастардың табысты әлеуметтенуі мен өзін-өзі басқаруына, сондай-ақ студенттердің туындаған мәселелерді өз бетінше шешуіне жағдай жасау.

Студенттік парламенттің міндеттері:

  • Студенттердің шығармашылық әрекетін және бастамаларын жүзеге асыру;
  • Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да мәселелерді шешуге көмектесу;
  • білім беру ұйымының басшылығына оқу-тәрбие мәселелерін шешуге, білім алушылардың бос уақыты мен өмірін ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға жәрдемдесу;
  • білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларда білім беру ұйымына жәрдемдесу;
  • колледждің рухы мен салт-дәстүріне патриоттық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу, студенттердің сана-сезімін және олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды арттыру, мүлікке ұқыпты қарауға, тәрбиелеу бағыттында жұмыстар жүргізу;
  • студенттерді колледж қызметі туралы хабардар ету;
  • қазақстандық қоғам дамуының нақты күші және стратегиялық ресурсы ретіндегі жастар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға белсене қатысу;
  • жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асыруға көмектесу.

Студенттік Парламенттің құрылымы 7 фракциядан тұрады:

  • Құқық және тәртіп фракциясы.
  • ақпарат фракциясы (баспасөз қызметі).
  • спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
  • қамқорлық фракциясы (еріктілік).
  • мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
  • пікірталас қозғалысының фракциясы.
  • экология және еңбек фракциясы.

Камалбеков Ануар Ермекұлы

Пионербеков Мират Маратұлы

Камалбеков Ануар Ермекұлы
студенттер Парламентінің Президенті

Пионербеков Мират Маратұлы
Студенттік Парламенттің вице президенті

25.09.2023 ж. белсенділер отырысында колледж белсенділері қатысқан дауыс беру қорытындысы бойынша Студенттік Парламент Президенті

Гончаренко Кирилл

Сембинов Руслан

Гончаренко Кирилл
Cтуденттер Парламентінің Президенті

Сембинов Руслан
Студенттік Парламенттің вице президенті