ШҚТУ "Жастар рухы" жастар қанаты

2025 жылдың ақпан айында, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Жарғысы мен Ережесіне сәйкес бөлімше ашылды. Бұл бастама жоғары білімді жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, олардың саяси және әлеуметтік өмірге араласуына септігін тигізеді деп күтілуде. Бөлімшенің жетекшісі ретінде 22-ТФК-1 тобының студенті Талғарбек Перизат Төраға етіп тағайындалды.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінен бастап «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бөлімшесінің жетекшісі лауазымына Алмасбек Сандуғаш тағайындалды.

«Жастар Рухы» жастар қанаты құрамына мүше болу арқылы, сіз, қандай   мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз:

  • Нағыз жастар көшбасшысы болу және өз ойларыңыз бен жобаларыңызды жүзеге асыру;
  • «Жастар Рухы» жастар қанаты тарапынан түрлі форматтағы республикалық, өңірлік іс-шаралар мен жобаларға қатысу;
  • Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі республикалық жастар лагерьлеріне қатысу;
  • Болашақта кәсіби қызметке қажетті әлеуметтік, коммуникативтік, психологиялық дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған тегін түрде семинар тренингтерге қатысу;
  • «Жыл белсендісі» «Үздік волонтер», «Үздік жастар ұйымы» номинациялары бойынша түрлі конкурстарға қатысу, онда естелік сыйлықтар мен материалдық сый ақыларды жеңіп алуға мүмкіндіктер көп.

Баршаңызды республикамыздағы маңызды оқиғалардың белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

Соңғы өзгерістер күні:
12.11.2025