Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханалары
Университетте оқу кезеңінде білім алушылардың уақытша тұруына арналған, университет құрамындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысаны болып табылатын үш жайлы жатақхана бар.
Қазіргі уақытта университет жатақханаларының жалпы сыйымдылығы – 385 төсек-орын:
- №1 жатақхана – Серікбаев көшесі, 19А (880 төсек-орын),
- №2 жатақхана – Менделеев көшесі, 3 (150 төсек-орын),
- №3 жатақхана – Серікбаев көшесі, 41 (355 төсек-орын).
Барлық жатақханалар заманауи бейнебақылау жүйесімен, күзетпен және университеттің орталық қауіпсіздік қызметінің пультіне қосылған автоматты өрт дабыл жүйесімен жабдықталған. Студенттердің өзіндік дайындықтарына арналған оқу бөлмелері, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер, тұрмыстық қызмет көрсету орындары, душ, жуыну, кір жуу бөлмелері және интернет-сыныптар ұйымдастырылған.
Университет жатақханаларындағы орындарды әділ бөлу мақсатында студенттерге орын беру Студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) арқылы порталға электронды өтінім беру жолымен жүзеге асырылады.
Жатақханадан орын беру «Студенттік жатақханалар туралы ережеге» сәйкес, сондай-ақ белгіленген үлгідегі ордер, жеке куәлік және медициналық тексерістен өткенін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.
Әлеуметтік қолдау шаралары туралы ережеге сәйкес, жетім және мүгедек студенттерге университет жатақханада тегін тұру құқығын береді. Көп балалы отбасынан шыққан студенттерге жатақханада тұру ақысына 50% жеңілдік жасалады. Оңтүстік және батыс өңірлерден келген студенттер үшін бірінші оқу жылында ай сайынғы төлем мөлшері 5 000 теңге болып белгіленген.
Соңғы өзгерістер күні:07.11.2025