№1 жатақхананың жалпы аумағы 7633 шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша жатақхана екі бес қабатты ғимараттан тұрады және 2 блокқа бөлінген. Қазіргі уақытта жатақхананың сыйымдылығы – 880 төсек-орын.
Ғимаратта кір жуу орны, оқу залы, интернет-сынып, фитнес залы, демалыс бөлмесі және әкімшілік бөлмелер қарастырылған. Студенттердің жайлы тұруы үшін екіден төрт адамға дейін арналған бөлмелер бар. Әр бөлмеде тұрмыстық асүй мен душ бөлмесіне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Бөлмелер төсек, тумбочка, киімге арналған шкаф, үстел және орындықтармен жабдықталған. Жатақханада душ бөлмелері бар, кір жуғыш машиналар орнатылған, тұрмыстық асүйлер электр плиталарымен және тоңазытқыштармен жабдықталған.
Осылайша, жатақханада студенттердің жайлы тұруына барлық жағдайлар жасалған.
Соңғы өзгерістер күні:07.11.2025