№2 жатақхана (Менделеев көшесі, 3)

№2 жатақхананың жалпы аумағы 1827,4 шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша жатақхана үш қабатты бір ғимараттан тұрады. Қазіргі уақытта жатақхананың сыйымдылығы – 150 төсек-орын.

Жатақханада студенттердің тұруына барлық жағдайлар жасалған. Онда компьютер сыныбы, фитнес залы және демалыс бөлмелері бар. Бөлмелер төсек, тумбочка, киімге арналған шкаф, үстел және орындықтармен жабдықталған. Сондай-ақ душ бөлмелері мен электр плиталарымен жабдықталған тұрмыстық асүйлер бар.

Соңғы өзгерістер күні:
07.11.2025