№3 жатақхана 1968 жылы салынған, жалпы аумағы 4074,9 шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша жатақхана бес қабатты бір ғимараттан тұрады. Қазіргі уақытта жатақхананың сыйымдылығы – 355 төсек-орын.
Жатақханада компьютер сыныбы, демалыс бөлмелері, өзіндік дайындыққа арналған оқу бөлмелері және жаттығу залы бар. Студенттердің жайлы тұруы үшін екіден төрт адамға дейін арналған бөлмелер қарастырылған. Әр бөлмеде тұрмыстық асүй мен душ бөлмесіне қолжетімділік бар.
Бөлмелер төсек, тумбочка, киімге арналған шкаф, үстел және орындықтармен жабдықталған. Жатақханада душ бөлмелері бар, жартылай автоматты кір жуғыш машиналар орнатылған, тұрмыстық асүйлер электр плиталарымен жабдықталған.
Соңғы өзгерістер күні:07.11.2025