Наурыз - көктем мерекесі, жыл басы, жаңа серпін, жаңа леп. 12-наурызда ШҚМТУ университетінің № 2 жатақханасында, «jasSERPIN» студенттер ұйымы Ұлыстың ұлы күні - жана жыл мерекесін тойлауды бастады. Жатақхана ішінде студенттер өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік дастархан жайылды. Студенттер түскі ас барасында наурыз көжеден дәм татып, көнілді, мерекелік әндермен көңіл көтерді.


Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Қауыпсіздік қызметінің бастығы Қабин Тоқтамыс Құмарбекұлының төралығымен «Ішкі тәртіп және де қауіпсіздік ережелерін сақтау» туралы Foundation факультетінің деканының орынбасары Кусаиновтың Б.М., №1 жатақхананың комменданттары Ибрагимованың А.К., Қамзаеваның Ж.Қ. факультет әдіскері Охайдың А., Foundation факультетінің тыңдаушыларымен  2018 жылдың 26 желтоқсанында жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: университет қабырғасында, жатақханада ішкі тәртіп ережелерін қатаң түрде сақтау; ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, қоғамдық орындарда, университет қабырғасында, жатақханада акогольдік ішімдіктерді ішуге және де шылым шегуге қатаң тыйым салынатыны айтылды.

Күнделікті жағдайда қолданылатын электр құрылғылары, оның ішінде: тамақ дайындайтын пештерді; электр жылытқыш; ұялы телефон қуаттандырғышын, аталмыш электр құрылғыларды үнемі қосып қараусыз қалдыруға болмайтыны айтылды.

Демалыс және мейрам уақыттарында Өскемен қаласынан тыс жерге (қонаққа туыстарына бару, отбасылық жағдайлар) қатынау кездерінде Foundation факультетінің басшылығының рұқсат сұрап баратындары жайлы ескертілді.


15 желтоқсан күні №3 жатақханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "JAIDARMAN" атты ойын өтті.Ойынға "Серпін - 2050" "Мәңгілік Ел жастары - индустрияға" бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қатысты. Үш команда арасында №2 жатақхана студенттері жеңімпаз атанды. Ойын өте қызықты және қызықты өтті.


2018 жылдың 20 қазанында "Рухани жаңғыру" кафедрасының қызметкерлері №3 жатақханада тұратын студенттермен кездесу өткізді. "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру"атты Қазақстан халқына Жолдауы. Қазіргі уақытта оқытушылар мен студенттердің алдына еліміздің барлық өмір сүру салалары бойынша жаһандық міндеттер қойылған және олар бірігудің негізі болуы тиіс. Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлттың келісімі мен бірлігі болуы тиіс-бұл ел дамуының жаңа кезеңінің міндеттерін табысты іске асырудың басты шарты. Студенттер ұсынылған ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап алды.


19.09.2018 Ж. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетің №3 жатақханасында "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майра Шайзидиновна Екібасова, "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалы директоры Ахметжанов Ринад Рулановичтің қатысуымен студенттердің бейресми кездесуі өтті. Кездесуде жастар саясаты және Студент жастардың азаматтық белсенділігі мәселелері талқыланды.