Медициналық орталық университеттің бас ғимаратында орналасқан, 133,2 ш. м. аумақты алып жатыр. Медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс-шаралар үшін медициналық орталықтың барлық ыңғайлылығы бар тиісті орыны бар:
- медициналық көмек көрсетуге және қабылдауға арналған кабинет.
- медициналық процедураларға арналған кабинет.
Медициналық орталық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер жиынтығы бар. Табиғи және жасанды жарық, желдеткіш, қол жууға арналған раковина бар.
Медициналық орталықтың жұмыс тәртібі әкімшілікпен белгіленген және келісілген. Медициналық орталық күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көмек көрсетеді.
Келесі емдеу жұмыстары жүргізіледі: дәрігерге дейінгі көмек көрсету, шұғыл көмек көрсету, амбулаторлық емдеу; студенттер мен қызметкерлерді жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруді ұйымдастыру және өткізу. Медициналық орталық жоспарлы медициналық тексерулер, флюорографиялық тексерулер жүргізеді. Университетте жылына 1 рет "донор күні"өткізіледі. Медициналық орталықтың мақсатты жұмысы студенттердің денсаулығын сақтау бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Соңғы өзгерістер күні:26.09.2025