«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты - жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету және елдегі білім мен еңбек ресурстарына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, оңтүстік аймақтардағы жастардың жұмысқа орналасып, басқа аймақтарға жылжуын қамтамасыз ету.
«Серпін-2050» бағдарламасына түскен студенттер үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де оқуға және жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Студенттер университеттің және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері болып табылады. Бос уақыттарында балалар спорт секцияларына, шығармашылық және ғылыми үйірмелерге қатысады. Студенттерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу мақсатында арнайы жоспарлар жасалып, жеке жұмыстар жүргізілуде. Университетте «Серпін-2050» штабы құрылды, бағдарлама облыстық білім басқармасымен және республикалық штабпен бірлесіп жүзеге асырылуда. Оқу жылының басынан бастап балалар университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысуда. Әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, олар тек оқу орны туралы ғана емес, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының мәдени көрікті жерлерімен танысу үстінде.
Бүгінгі таңда бағдарламаға қабылданған студенттер контингенті - 430 студент: 4 курс - 190 студент, 3 курс - 61 студент, 2 курс - 129 студент, 1 курс - 50 студент. Әлеуметтік көмек алатын студенттер саны – 153. Жатақханада тұратын студенттер саны «Серпін-2050» жобасы бойынша 338 студент. Университетте 3 жатақхана бар, барлығы 1453 орын. Әр қабатта электр плиталарымен жабдықталған асүйлер, душ бөлмелері, акт залы, компьютер бөлмесі, кір жуатын бөлме, Интернет бар, WI-FI бар, университет жатақханаларында қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған.