«МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АЯУЛЫ АРУЛАР!» ФОТО-БЕЙНЕБАЙҚАУЫ
Құрметті достар! Бастауыш кәсіподақ комитеті ер азаматтарымызды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтаулар байқауына қатысуға шақырады!
Жанымыздағы асыл жандарды – жарымыз, анамыз, қыздарымыз, әпке-қарындастарымыз бен әріптестерімізді қуантып, оларға ерекше көңіл бөлейік!
Қалай қатысуға болады?
Мерекелік құттықтау бейнежазбасын түсіріңіз немесе ерекше фото жасаңыз.
Бұл ән, өлең, қойылым, ашықхат немесе кез келген креативті идея болуы мүмкін!
Жұмыстарыңызды bzhaksulukova@edu.ektu.kz эл. поштасына жіберіңіз немесе ГБ-106 кәсіподақ кеңсесіне әкеліңіз.
Байқау мерзімі:
- Жұмыстарды қабылдау: 18.02 – 03.03.2025
- Нәтижелерді жариялау және марапаттау: 05.03.2025
Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтуде!
Ең керемет әрі креативті құттықтаулар иелеріне естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі.
Бұл байқау жақын жандарымызға ең маңызды сөздерді айтып жеткізсем деген ер азаматтарымызға тамаша мүмкіндік!
«АНАЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Құрметті достар! Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің балаларын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналарға мың алғыс» шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз!
Қалай қатысуға болады?
Кез келген техникада анаңызға арнап ашықхат жасаңыз – сурет салыңыз, аппликация жасаңыз, цифрлық форматта немесе көлемді қолөнер бұйымын дайындаңыз.
Дайын жұмыстардың фотосын немесе бейнежазбасын түсіріп, bzhaksulukova@edu.ektu.kz эл. поштасына жіберіңіз немесе кәсіподақ кеңсесіне (ГБ-106) әкеліңіз.
Байқау мерзімі:
- Жұмыстарды қабылдау: 20.02 – 03.03.2025
- Нәтижелерді жариялау және марапаттау: 05.03.2025
Сыйлықтар мен марапаттар!
Ең үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болады.
Аналарымызға қуаныш пен жылулық сыйлайық! Байқауға қатысыңызда
Соңғы өзгерістер күні:21.02.2025