Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасы құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:
- Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және техникалық қызмет көрсету;
- ҚОТ бойынша оқу үдерісін әкімдеу қызметі;
- Ақпараттық-техникалық қамтамассыз ету қызметі;
- ҚОТ дидактикалық құралдарын өндіру қызметі.
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және техникалық қызмет көрсету университеттің басқару, бизнес және білім беру қызметі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді және қолдайды. Қосарланған жүйелер:
- «Directum» электрондық құжат айналымы жүйесі;
- Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынның 1С жүйесін басқару;
- PERCo-S20 қол жеткізуді басқару жүйесі;
- «Мастер тестов» компьютерлік тест жүйесі;
- «Service Desk» сұранымдары жүйесі;
- Оқытушылар мен студенттерге арналған сауалнама жүйесі.
ҚОТ дидактикалық құралдарын өндіру қызметі төмендегі міндеттерді орындайды:
- білімдегі жаңа ақпараттық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізуді және оларды оқу үдерісіне енгізуді жүзеге асыру;
- оқу үдерісі үшін ақпараттық ресурстар құру қағидаларын әзірлеу;
- дистанциондық білім берудің электронды курстарының электронды ресурстарын әзірлеуге және құруға қатысу.
ҚОТ дидактикалық құралдарын өндіру қызметі негізгі міндеті «ШҚМТУ білім беру порталы» жобасында іске асырылатын деректер мен білім базасын құру, толықтыру және қолдау болып табылады. Осы бөлімнің атқарымдық міндеттерінің құрамына төмендегі қосалқы жүйелерді қолдау кіреді:
- «Жоғары оқу орны құрылымы»;
- «Студент»;
- «Оқу құралы»;
- «Тестілеу»;
- «Оқу жоспарлары»;
- «Оқу қызметі»;
- «Сабақ кестесі».
ҚОТ бойынша оқу үдерісін әкімдеу қызметі төмендегі міндеттер тізбесін орындайды:
- дистанциондық оқу жүйесінің талаптарына сйәкес пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дайындау үдерісін ұйымдастыру және бақылау;
- пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін құру, сондай-ақ тестілік сұрақтардың деректер базасын толықтыру, енгізу;
- бағдарламалық өнімдерді оқу үдерісінде қолдану мақсатында, олардың сапасын анықтау, тестілеу.