Зертхана экономиканың түрлі салалары - машина жасау, құрылыс индустриясы, химия және қайта өңдеу өнеркәсібі, геология және пайдалы қазбаларды барлау, өнеркәсіптің басқа да салалары үшін жаңа материалдар алудың технологиялары мен нанотехнологияларын әзірлеу, сондай – ақ ғылымның түрлі салалары - минералогия, материалтану, химия, экология және өзге де салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау үшін «VERITAS» үстемдік орталығының бөлімшесі болып табылады.
Зертхана қызметінің мақсаттары мен бағыттары
Зертхананың негізгі мақсаты жақын арадағы кезеңде ҚР білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады: «Тау-кен металлургия өнеркәсібі ресурстарын кешенді пайдалану негізінде жаңа материалдарды алудың жоғары технологиялары».
Зертхана қызметінің бағыттары арасында:
- материалтану және нанотехнология саласында ҒЗЖ және ҒЗТКЖ орындау;
- ҚР-дағы серіктестермен және шетелдік серіктестермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық.
Зертхананың міндеттері
Негізгі мақсаты мен ғылыми бағыттарына сәйкес зертхананың практикалық міндеттері мен функцияларының шеңбері қалыптастырылған, олардың ішінде:
- минералды және техногендік шикізатты терең зерттеу;
- ғылыми өнімдер мен коммерциялық технологияларды, оның ішінде нанотехнологияларды әзірлеу;
- шетелдік әріптестермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық бағдарламалар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу, ҚР мен шет елдер арасында ғалымдар алмасуға жәрдемдесу;
- ПОҚ ғылыми бағдарламалары, докторлық және магистрлік диссертациялар дайындау бағдарламалары, бакалавриат студенттерінің дипломдық жұмыстары (жобалары) шеңберінде зерттеулер жүргізу;
- мемлекеттік бюджеттік жобаларды орындау шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу;
- шаруашылық келісімшарт жұмыстары аясында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың, жекелеген ғалымдардың тапсырыстары бойынша зерттеулерді орындау.
ТЗЗ базасында орындалатын ҒЗТКЖ және зертханалық-талдамалық зерттеулердің түрлері:
- микро(нано)талдауы бар мөлдір электронды микроскопия (ПЭМсМА);
- микроанализі бар растрлық электронды микроскопия (РЭМсМА);
- рентгендік дифрактометрия (рентгендік құрылымдық талдау) - РД;
- индуктивті байланысқан плазмасы бар масс-спектрометрия (МСсИСП);
- микротолқынды плазманың атомдық-эмиссиялық спектрометриясы (АЭС МП);
- рентген-флуоресценттік спектрометрия (РФС);
- спектрофотометрия (СФМ);
- колориметрия (К);
- вакуумдық технологиялар және жұқа пленкаларды алу(ВТиПТП);
- материалдарды термиялық өңдеу (ТО);
ҒЗТКЖ-ның осы түрлерін орындау үшін ТЗЗ-да сынама дайындау учаскелері мен жабдықтарының кең кешені бар.