Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені

«Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» жобасы «Рухани қазына» мемлекеттік кіші бағдарламасының Шығыс Қазақстан өңірлік құрамдас бөлігі үшін базалық болып табылады.

Жоба командасы Шығыс Қазақстан қоғамдастығы мен аймақтық деңгейдегі билік органдары талап еткен іс-шараларды ұсынды: халықаралық ғылыми-практикалық конфренциялар, семинарлар, археологиялық экспедиция, ЖОО студенттеріне арналған толеранттылық мектептері, оқушыларға арналған жазғы археологиялық мектептер, конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтары, «Үлкен Алтай әлемі».