Резеңке емес... Ауыл тұрғындарының Қазақстан қалаларына көшуін шектеу керек пе?
Қысқаша сипаттамасы
Ауыл тұрғындарының Алматы мен Астанаға көшуіне тосқауыл қою туралы үндеулерді, оның ішінде танымал тұлғалардан да жиі естисіз. Олар қала мәдениетінен алшақ, астаналарды ірі ауылдарға айналдырып, оған қоса, қазірдің өзінде шамадан тыс жүктелген қалалық инфрақұрылымға қосымша қысым жасайтынын айтады. Оның үстіне бұл үндеулер қаңтар оқиғасынан кейін күшейе түсті, белгілі себептермен «жаңадан келгендерді» ашық демонизациялау үрдісі байқалды...