Қазақстандағы отбасылық рөлдердің асинхронды модернизациясы: Гендерлік нормалар мен күнделікті тәжірибелер
简短描述
Мақала Қазақстан отбасындағы нормативтік гендерлік көзқарастар мен нақты рөлдік практика арасындағы алшақтықты әлеуметтанулық талдауға арналған. Теориялық негіз гендерді күнделікті қайта жаңғыртылатын практика (doing gender) ретінде түсінуге және үй еңбегінің «екінші ауысымы» тұжырымдамасына сүйенеді. Жұмыстың эмпириялық негізін үш зерттеудің дерегі құрады: «Қазақстан отбасылары», N=3 000; «Қазақстанның әртүрлі саласындағы гендерлік стереотиптер», N=2 400; «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қазақстандық отбасы», N=802. Үш зерттеудің деректерін кросскестелеу (cross-tabulation) әдісі негізінде талдай отырып, авторлар отбасындағы билік, көшбасшылық туралы түсініктер мен тұрмыстық үй еңбегін нақты бөлу патриархалдық үлгіні қайта жаңғыртатыны, ал жарияланатын құндылықтар мен үй шаруасына қатысты нормативтік күтулер эгалитарлық идеалға ұмтылатыны анықтады.