Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 8D07103 - Жылу энергетикасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізуге қабілетті, сонымен қатар жылу энергетикасы саласында қолданбалы білімдер теориясы мен өнертапқыштық есептерді шешу методологиясын кеңейтуге қабілетті өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеулік мекемелердің мұқтажын қанағаттандыруға қажетті мамандарды жылу энергетиканың отандық ғылыми-техникалых мектебін дамыту үшін алдыңғы қатарлы ресурс тиімді технологияларды игеретін, инновациялық ой өрісіне ие PhD докторларын дайындау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалау, технологиялық және конструктивтік ұйымдар, басқару органдары, білім беру мекемелері (педагогикалық училищелер, гимназиялар, лицейлер, колледждер, арнайы. физика-математикалық бағыттағы мектептер), өнеркәсіптік өндіріс және.
Кәсіби қызмет объектісі:

- жылу және атом электр станциялары, кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, шағын энергетика объектілері;
- жоғары температуралы және төмен температуралы жылутехнологиялық қондырғылар, жүйелер мен кешендер;
- әртүрлі мақсаттағы бу және су жылыту қазандықтары; атом электр станцияларының реакторлары мен бу генераторлары; - бу және газ турбиналары;
- энергоблоктар, бу газ және газтурбиналық қондырғылар.
- сығылған және сұйытылған газ өндіру қондырғылары;
- компрессорлық, тоңазытқыш қондырғылар;
- ауаны баптау жүйелерінің қондырғылары; жылу сорғылары;
- химиялық реакторлар, отын элементтері, электрохимиялық энергия қондырғылары;
- сутегі энергетикасының қондырғылары; қосалқы жылу техникалық жабдықтар;
- түрлі мақсаттағы жылу және масса алмасу аппараттары; жылу және электр желілері.
Кәсіби қызмет түрлері:

Докторантураның білім беру бағдарламалары даярлықтың ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша жүзеге асырылады және бітірушілерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік дайындықты қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі:
- кәсіби қызмет объектісінің бейініне сәйкес жаңа ғылыми нәтижелерді, ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
- жылу энергетикасы саласындағы қолданбалы есептерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану,
математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу;
- жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың қазіргі заманғы әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде заманауи компьютерлерді қолдану;
- жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу;
- жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау;
ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу;
- ғылыми және ғылыми-техникалық Жарияланымдар дайындау;

Ұйымдастыру-басқару қызметі:
- ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу;
- кәсіби этика кодексін сақтау;
- өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау;
- ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Жылу энергетика саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілеттілігі Оқытушылық іс әрекеті барысында студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту
Дербестік, өзін-өзі реттеу, автономдық негізінде тұрақты оқытуды және кәсіби дамытуды жоспарлау және жүзеге асыру
Жылу энергетикада өнертапқыштық міндеттерді шешу кезінде инженерлік тәжірибе әдістері мен математикалық үлгілеуді қолдану
2. Ғылыми, білім беру және өндірістік ортада кәсіби және халықаралық мәдени және сөйлеу коммуникациясын тиімді жүзеге асыру қабілеттілігі Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
Оқытушылық іс әрекеті барысында студенттердің қажетті құзыреттілік деңгейін тиімді қамтамасыз етуге және олардың әлеуметтенуіне ықпал етуге мүмкіндік беретін коммуникативтік дағдыларды меңгеру
3. Жылу энергетикасы саласында инновациялар жасау мүмкіндігі Жылу энергетикасы саласындағы техникалық шешімдердің орындылығы мен сенімділігін талдау
4. Қоршаған ортаны ең аз мөлшерде ластаумен жылу энергетикада ұтымды технологияларды әзірлеуге қабілеттілігі Жылу энергетика саласында қоршаған ортаға көмектес технологияларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалауды жүргізу
Модульдік оқу жоспары