Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 8D07202 - Металлургия
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім және ғылымды бірлестіру негізінде қоғамды, экономиканы, ғылым мен өндірісті дамытатын және металлургия саласында жаңа технологияларды әзірлей алатын ел ішінде де, халықаралық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Түсті және ұнтақты металлургияның бәсекеге қабілетті өнімдерін, композициялық материалдар мен жабындарды, минералдық шикізатты өңдеудің перспективалық технологияларын құруға бағытталған және жобалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдануға, технологиялық процестерді математикалық және компьютерлік үлгілеуге негізделген адами қызметтің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника бөлімдері.
Кәсіби қызмет объектісі:

- оқу орындары (жоғары, орта, кәсіби);
- жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыттық зертханалар;
- қара және түсті металлургияның өнеркәсіптік кәсіпорындары;
- тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары;
- әртүрлі меншік формасындағы фирмалар.
Кәсіби қызмет түрлері:

- жобалау-технологиялық;
- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- инновациялық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Дағдыларды сенімді меңгеру:
- жинақталған тәжірибені сыни тұрғыдан түсіну, әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды бағалау және салыстыру;
- аналитикалық және эксперименттік ғылыми қызмет;
- зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау;
- шешендік өнер және халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда көпшілік алдында сөз сөйлеу;
- сыни ойлау, бақылау, интерпретациялау, талдау, баға беру қабілеті үшін қажетті дағдылар;
- зерттеу саласын жүйелі түсіну және таңдалған ғылыми әдістердің сапасы мен нәтижелілігін көрсету;
- ғылыми іс-шараларға, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу;
- көшбасшылық басқару және ұжымды басқару;
- ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке жауапты және шығармашылық қарым-қатынас;
- заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты беру тәжірибесі мен патенттік іздеу жүргізу;
- ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік меншік құқығын қорғау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Еңбек және оқу қызметінде инновациялықты және дербестікті көрсету қабілеті Металлургия саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қатысу
Оқытудағы жаңа идеяларды немесе процестерді әзірлеу және оқыту процестерін түсінудің жоғары деңгейін көрсету
2. Көшбасшы болу, жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен критерийлерді басшылыққа алу қабілеті Адами капиталды және ұжымды басқаруды сапалы талдауға негізделген көшбасшылық басқару дағдыларына ие болу, ғылыми жазу және ғылыми коммуникация дағдыларына ие болу
Металлургия өнеркәсібінде инновациялық өнімдерді құру әдістері мен технологияларын, өндірістің жобалық дайындығын әзірлеуді, мониторингті, бақылауды жүзеге асыру
3. Металлургия саласында жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу және стратегиялық шешімдер қабылдау Минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеу саласында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу
Әдістемелік және аналитикалық зерттеу аппаратын кеңейту есебінен арнайы білімді тереңдетумен айналысу
4. Сыни диалог шеңберінде мәртебесі бойынша тең мамандармен беделді қарым-қатынас жасау қабілеті Металлургияның технологиялық процестерін сипаттауға және модельдеуге қолдануда базалық пәндердің негізгі заңдарын меңгерген
Заманауи және инновациялық оқыту технологияларын қолданып, ғылыми саланың шекарасын кеңейту үшін өзіндік зерттеулермен үлес қосу
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері