Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B06107 - Көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Көлік техникасында интеллектуалды жүйелер мен смарт технологияларды пайдалану және оларға қызмет көрсету іскерліктері мен дағдыларын меңгерген маман даярлау арқылы жасанды интеллектпен көліктік машинажасаудағы "ақылды" бұйымдарының тиімділігін арттыру

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Жасанды интеллект жүйелерін жобалау және сынау - көліктегі сараптамалық жүйелер;
Көлік техникасындағы жасанды интеллект жүйелерінің техникалық жобасын әзірлеу және оны бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу;
Көлік техникасы мен көліктегі жасанды интеллект жүйелерін жобалау және құру (модификациялау) бойынша инженерлік жұмыстарды орындау.
Кәсіби қызмет объектісі:

Өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде көлік техникасындағы ақылды жүйелер мен жасанды интеллект жүйелері
Кәсіби қызмет түрлері:

Көлік техникасындағы ақылды жүйелер мен жасанды интеллект жүйелері жобалау, орнату, сынау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Жасанды интеллект инженері;
1.1. Жасанды интеллект жүйелерін енгізу
1.2. Жасанды интеллект жүйелерінің эксперименттік жұмысы және оны жүзеге асыру
2. Қолданбалы бағдарламашы;
2.1. Жасанды интеллект жүйесін әзірлеу және бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу
2.2. Жасанды интеллект жүйелерін жобалау
3. Жасанды интеллект маманы
3.1. Эксперттік жүйелерді жобалау
3.2. Эксперттік жүйелерді әзірлеу процестерін ұйымдастыру
3.3. Эксперттік жүйелерді әзірлеу процестерін басқару
4.Техникалық бақылау бөлімінің бастығы
4.1.Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің жұмысына басшылық жасау
4.2. Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ішкі техникалық бақылау жөніндегі қызмет нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау
4.3.Кәсіпорынның автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы стратегиялық басқару
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету. Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Инженерлік білімнің мәнін түсіндіре білу, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып математикалық аппаратпен физикалық процестердің заңдылықтарын зерттеу және сипаттау Инженерлік білімнің мәнін түсіндіру, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып математикалық аппаратпен физикалық процестердің заңдылықтарын ғылыми зерттеу және сипаттау
5. Деректер құрылымын талдау, автомобиль және көлікте басқару жүйелерін құру, олар үшін бағдарламалық жасақтаманы жобалау мүмкіндігі. Деректерді құрылымдау және сипаттау, автомобиль жасау және көлікте ақылды басқару жүйелерін құру, бағдарламалық жасақтаманы жобалау кезінде Case технологияларын қолдану
6. Электромобиль және гибридті автомобильдің агрегаттары мен жүйелерінің күйін диагностикалау және бағалау мүмкіндігі Диагностикалық әдістерді қолдана отырып, электромобиль және гибридті автомобильдің, олардың агрегаттары мен электронды жүйелерінің күйі мен қасиеттерін талдау және бағалау
7. Қоршаған ортаны тану қабілеті, навигациялық аппаратураның көмегімен орынды анықтай білу, оңтайлы маршрут жасай білу, жасанды интеллект көмегімен электромобильдің қауіпсіз қозғалыс режимін жоспарлау және жүзеге асыру Айналмалы бейне шолу арқылы қоршаған ортаны тану және талдау, навигациялық аппаратураның көмегімен орналасқан жерді анықтау, оңтайлы маршрут салу, жасанды интеллект көмегімен электромобильдің қауіпсіз қозғалыс режимін жоспарлау және жүзеге асыру
8. Машиналық оқыту және микроконтроллерді бағдарламалау технологияларын қолдану, электромобильдер мен гибридті автомобильдер үшін бағдарламалық жасақтаманы тексеру және тестілеу дағдыларын қолдану мүмкіндігі Машиналық оқыту технологиясын меңгеру, микроконтроллерлерді бағдарламалау, электромобиль және гибридті автомобильдер үшін бағдарламалық жасақтаманы тексеру және тестілеу дағдыларын қолдану
9. Көлік кәсіпорнының бизнесі мен экономикасын талдау, өндіріс тиімділігін бағалау мүмкіндігі Көлік кәсіпорнының бизнесі мен экономикасын талдау, өндіріс тиімділігін бағалау.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер