Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 7M04102 - Технологиялық кәсіпкерлік
(Бірлескен ББ - Қарағанды Қазтұтынуодағы университеті)
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жаңа идеяларды генерациялауға, коммерциялық стартаптарды әзірлеуге және іске асыруға, инвестициялар тартуға, өз бизнесін ұйымдастыруға және инновациялық компанияларда табысты жұмыс істеуге қабілетті технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреті бар магистранттарды даярлау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- жоғары технологиялық қазақстандық және шетелдік компаниялар;
- барлық қызмет саласындағы компаниялардың зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бөлімшелері;
- мемлекеттік билік органдары;
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- жобалық және өндірістік ұйымдар;
- қаржы компаниялары;
- кәсіпкерлік және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымы;
- жеке бизнес.
Кәсіби қызмет объектісі:

Ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері, олардың қызмет түріне, меншік нысанына, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері мен резидент еместері), ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беру мекемелері.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастыру-техникалық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жобалық;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Кәсіби қызметінің функциялары:

Экономика, талдау, индикативтік және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік экономика және кәсіпорындар деңгейлерінде қаржы-экономикалық шешімдер қабылдау және т. б., инвестициялық және инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі, әлеуметтік - экономикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдау мен бағалауда жүйелі ойлау, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды тудыру. Трендтерді талдау, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас дағдыларын қолдана отырып, қазіргі ғылымның даму тенденциялары мен заңдылықтары
Жоғары мектепте білім беру процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда заманауи психологиялық-педагогикалық технологияларды қолдану
2. Ғылыми ақпараттың үлкен массивтерімен жұмыс істеу, алынған нәтижелерді өңдеу, оларды қолда бар статистикалық деректерді ескере отырып талдау және олардың негізінде сауатты басқару шешімдерін қабылдау қабілеті Статистикалық деректерді жинау және сауатты өңдеу, математикалық талдаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу
Экономикалық процестерді сипаттау және болжау, олардың негізінде негізделген шешімдер қабылдау және кәсіпорынның дамуының стратегиялық бағытын анықтау үшін бизнес үлгілерін пайдалану
3. Нарық тенденцияларын талдау және бизнес ортасындағы өзгерістерді тану негізінде өз бизнесін ашу дағдыларына ие Жүйелі ойлау, болып жатқан процестерді түсіну, кәсіби міндеттердің шығармашылық шешімдерін табу қабілеті
Болашақ бизнесті бастау немесе инновацияларды құру, жаңа идеяларды құру және пайдалану, ғылыми эксперименттер жүргізу және болжау жасау үшін теориялық және практикалық білімді қолдану қабілетін көрсету
4. Теңдестірілген басқару шешімдерін дайындау мақсатында кәсіпорынның функционалдық стратегиялары арасындағы байланысты талдайды Ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іске асырудың, ынталандыру мен жауапкершіліктік, бақылау мен бағалаудың заманауи әдістерін қолдану
Шешімдер қабылдай білу және олардың тиімділігін бағалау, инвестициялық және инновациялық жобаны оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде басқару
5. Теңдестірілген басқару шешімдерін дайындау мақсатында кәсіпорынның функционалдық стратегиялары арасындағы байланысты талдайды Маркетингтік, қаржылық және өндірістік талдау нәтижелері негізінде кәсіпорынның даму перспективаларын анықтау
6. Нарықтың басқа қатысушыларымен тиімді ынтымақтаса отырып және жаһанданудың әсерін ескере отырып, жағдайлар мен проблемаларды әртүрлі көзқарастардан талдауға қабілетті Жабдықтарды жаңғыртуға және өндірістік активтерді орналастыруға байланысты жобалық шешімдерді әзірлеуге арналған тапсырмаларды тұжырымдау
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері