Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

6B07208 - Металлургия

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Түсті металдарды өндіру және өңдеу саласында инновациялық технологияларды, ресурстарды үнемдеу мен металлургиялық үдерістердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Концентраттарды алу мақсатында кендерді және басқа материалдарды өңдеу үрдістерін, талап етілетін сападағы металл бұйымдарын, металдар мен қорытпаларды алу үрдістерін, сонымен қатар белгілі бір қасиеттерге жету үшін металдардың (қорытпалардың) химиялық құрамы мен құрылымы өзгеретін өңдеу үрдістерін қамтиды.
Кәсіби қызмет объектісі:

- минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеуге, түсті және сирек металдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіруге және өңдеуге арналған технологиялық процестер мен құрылғылар;
- түсті металлургия, химия, тау-кен-химия және машина жасау өндірісінің өнеркәсіптік кәсіпорындары;
- өндірістік, жобалық және ғылыми бөлімшелер;
- әртүрлі меншік формасындағы фирмалар.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- ғылыми-зерттеу;
- есептік-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- металдар мен қорытпаларды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды алудың және өңдеудің технологиялық процестерін жүзеге асыру;
- технологиялық үдерісті және жабдықтың жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
- технологиялық процестің регламентін және алынатын өнімнің сапасын сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны өндірістің техногендік әсерінен қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- өндірістегі технологиялық процестердің сапа менеджменті бойынша техникалық құжаттаманы дайындау;
- экономикалық шешімдер негізінде ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді таңдау және негіздеу үшін бастапқы деректерді дайындау;
- техникалық-экономикалық негіздемеге ақпарат жинау және жаңа жобаларды әзірлеуге және жұмыс істеп тұрған цехтарды, өнеркәсіптік агрегаттар мен жабдықтарды қайта құруға қатысу;
- жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын қолдану арқылы техникалық тапсырмаға сәйкес технологиялық процестің жеке сатыларын есептеу және жобалау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен дау-дамайды жүргізу әдістерін меңгеру.
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада тұтас дүниетанымды қалыптастыру үшін білімді пайдалану, тең құқықтар мен инклюзивтілікті қамтамасыз ететін негізделген шешімдер қабылдау
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Кешенді инженерлік қызметте математикалық, жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді қолдану қабілеті Физикалық және химиялық құбылыстарды талдау, заңдар мен ұғымдарды практикалық іс-әрекетте қолдану, эксперименттік мәліметтерді өңдеу және түсіндіру
Металлургиялық объектілерді және алынған білімдер негізінде технологиялық процестерді кешенді инженерлік модельдеуді жүзеге асыру
5. Ақпаратты өңдеу үшін негізгі білімді меңгеру және ақпараттық технологиялардың коммуникативтік міндеттерін шешу үшін қолдану қабілеті Өндірістік процестерде ақаулар, авариялар және төтенше жағдайлар туралы ақпаратты алу, сақтау, талдау және өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана білу
Металлургиялық процестердің тиімділігін арттыру және жаңа материалдарды әзірлеу үшін ақпараттық ресурстарды пайдалану
6. Кешенді инженерлік қызметтің құқықтық, әлеуметтік, экологиялық және мәдени аспектілерін білу қабілеті Қауіпсіз және экологиялық тұрақты өндірістік қызметке ықпал ететін негізделген шешімдер қабылдау, топтағы жұмыс процестерін ұйымдастыру және басқару
Экологиялық тәуекелдерді азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін халықаралық сапа стандарттары мен кәсіби коммуникация дағдыларын өндірістік салада қолдану
7. Жобалау-технологиялық қызметті орындау және жобаның инновациялық әлеуетін, инновациялық тәуекелдерді бағалау қабілеті Технологиялық процестерді есептеуді орындау, жобалау және конструкторлық жұмыстарды орындау және еңбек қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып конструкторлық және технологиялық құжаттаманы дайындау
Жобалардың алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу, жұмысты және персоналдың еңбек ақы төлеу қорын жоспарлау
8. Түсті металдар мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі саласында инновациялық технологиялар мен материалдар құру, ғылыми-инновациялық қызметке қатысу Белгіленген әдістер бойынша түсті металдар мен олардан жасалған бұйымдарды өндіру саласында тәжірибелер жүргізу, еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес нәтижелерді өңдеу және талдау
Экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тиімділікті арттыруға және өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған инновациялық технологиялық шешімдер мен өндіріс құралдарын әзірлеу және енгізу құзыретіне ие болу
9. Кешенді, энергия үнемдейтін және экологиялық таза металлургиялық технологияларды әзірлеу үшін заманауи әдістерді қолдану қабілеті Өндірістік жабдықтың өнімділік сипаттамаларын талдай білу, шектеу факторларын анықтау және технологиялық жүйелердің өнімділігін арттыру бойынша негізделген ұсыныстарды әзірлеу.
Өндірістік жабдықтар мен инфрақұрылымның жай-күйін диагностикалау және талдау үшін цифрлық құралдарды және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдылары болуы
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер