Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық

8D07205 - Тау-кен ісі

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Пайдалы қазбаларды тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында іргелі және қолданбалы ғылыми білімдер негізінде заманауи тау-кен өндірісінің технологияларын енгізіп, қолдана алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

тау-кен өндіру кәсіпорындары, тау-кен-металлургия компаниялары, ғылыми-зерттеу институттары, жобалау және инжинирингтік ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануды басқару жөніндегі мемлекеттік органдар
Кәсіби қызмет объектісі:

Ғылыми және өндірістік ұйымдар, білім беру ұйымдары, сынақ зертханалары
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу;
- білім беру;
- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
-ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- инновациялық;
- патенттік
Кәсіби қызметінің функциялары:

- Пайдалы қазбаларды өндірудің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында тау-кен техникалық процестерін ғылыми зерттеу және талдау жүргізу;
- Экологиялық талаптар мен тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, минералдық шикізатты өндіру және өңдеу технологияларын әзірлеу және жетілдіру;
- Инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған тау-кен саласындағы ғылыми-зерттеу және өндірістік жобаларды басқару;
- Тау-кен өндіру саласын дамытуға байланысты ғылыми, сараптамалық және кәсіпкерлік қызметке қатысу
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерді талдау және синтездеу қабілеті, өзекті ғылыми мәселелерді анықтау және оларды шешу үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Ғылыми зерттеу нәтижелерін құрылымдау және рәсімдеу кезінде академиялық жазу нормалары мен стандарттарын қолдану.
Тау-кен ісі саласындағы заманауи ғылыми зерттеулерді талдап, сыни бағалау арқылы өзекті ғылыми мәселелер мен зерттеу бағыттарын анықтау, сондай-ақ пәнаралық және халықаралық жобаларды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға қатысу.
2. Пайдалы қазбаларды өндірудің келешектегі технологиялары саласында ғылыми-зерттеу және технологиялық жобаларды әзірлеу, жоспарлау және тиімді басқару қабілеті, инновациялық шешімдерді енгізуді және олардың ғылыми-техникалық әрі экономикалық тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету. Заманауи әдіснамалық тәсілдерді қолдана отырып, тау-кен инженериясы саласында ғылыми жобалар мен зерттеу бағдарламаларын әзірлеу және негіздеу.
3. Тау-кен жұмыстарының технологиялық параметрлерін оңтайландыру және тау-кен кәсіпорындарының жұмыс тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеулер негізінде тау-кен техникалық процестерін математикалық модельдеудің, цифрлық талдаудың және болжаудың заманауи әдістерін әзірлеу және енгізу қабілеті Технологиялық шешімдерді оңтайландыру үшін тау-кен техникалық процестерін болжаудың математикалық модельдері мен әдістерін әзірлеу және қолдану
4. Технологиялық, экономикалық және тәуекел факторларын ескере отырып, тау-кен өнеркәсібіндегі ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды стратегиялық басқару әдістерін меңгеру. Заманауи басқару тәсілдері негізінде тау-кен өнеркәсібіндегі ғылыми және инновациялық жобаларды басқару стратегиясын қалыптастыру және іске асыру.
Тау-кен саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және пайдалы қазбаларды өндіру тиімділігін арттыру үшін инновациялық ғылыми-техникалық шешімдерді әзірлеу және енгізу.
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері