Білім беру бағдарламасы
| Код – Мамандық |
7M07116 - Жылу энергетикасы |
|||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Жылу энергетикасы саласында қойылған талаптарды бағалау мен тиімді шешім қабылдай білу, энергия процестерін зерттеу, модельдеу және талдау әдістерін қолдана білетін, энергетикалық жүйелер мен жабдықтардың тиімділігін бағалай алатын магистранттарды даярлау |
|||||||||||||
| Түлек моделі | ||||||||||||||
| Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Жылу энергетикалық жүйелер мен жабдықтарды жобалау, пайдалану, талдау және оңтайландыру, оның ішінде жылу энергиясын өндіру, тарату және пайдалануға байланысты ғылым мен техника саласы |
|||||||||||||
|
Кәсіби қызмет объектісі:
Жылу энергетикалық кәсіпорындар; жылу және атом электр станциялары; өндірістік кәсіпорындардың энергиямен қамтамасыз ету жүйелері; шағын энергетикалық нысандар; жоғары және төмен температуралы жылу-технологиялық қондырғылар мен кешендер; әртүрлі қазандықтар; атом электр станцияларының реакторлары мен бу генераторлары; бу және газ турбиналары; энергетикалық блоктар, парогазды және газотурбиналық қондырғылар. |
||||||||||||||
|
Кәсіби қызмет түрлері:
- есептеу-жобалау - жобалау-конструкторлық - инновациялық - өндірістік-технологиялық - ұйымдастырушылық-басқарушылық - зерттеу монтаждау-жөндеу |
||||||||||||||
|
Кәсіби қызметінің функциялары:
Жобалау және есептеу жұмыстарын жүргізу; жобаланатын нысандар мен технологиялық схемаларға техникалық шешімдер әзірлеу және негіздеу; зерттеу жұмыстары, эксперименттер және сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу; ғылыми-техникалық ақпаратты өңдеу, талдау және жүйелеу; кәсіби салаға қатысты процестер мен нысандардың физикалық және математикалық модельдерін құру; орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, жұмыстарды жоспарлау және басқару; сапа, сенімділік, қауіпсіздік, құны және орындалу мерзімдерін ескере отырып оңтайлы шешімдерді іздеу және енгізу; технологиялық тәртіп пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету; энергетикалық, жылу-техникалық және жылу-технологиялық жабдықтарды, желілер мен энергожүйелерді пайдалану, жөндеу және жаңғыртуды ұйымдастыру; отын-энергетикалық ресурстарға қажеттілікті негіздеу және энергетикалық шаруашылықты дамыту. |
||||||||||||||
| Маманның құзыреттілік картасы |
|
|||||||||||||
| Модульдік оқу жоспары |
|
|||||||||||||
| Базалық пәндер | Кәсіптік пәндер | Қосымша оқу түрлері |
|---|---|---|
|
|
|
|