Білім беру бағдарламасы
Толығырақ
| Код – Мамандық |
6B07120 - Машина жасау және реверс-инжиниринг |
|||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Білім беру бағдарламасының мақсаты – машиналар мен жабдықтарды цифрлық жобалау, әзірлеу, модернизациялау, өндіру және пайдалану саласында заманауи инженерлік құзіреттілікке ие машина жасау және реверс инжиниринг бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Олар өндірістік мәселелерді шешу үшін реверс инжинирингтік технологияларды қолдана алады және инклюзивтілік пен тұрақты даму принциптеріне негізделген кәсіби қызметті жүзеге асырады. |
|||||||||||||||||||||
| Түлек моделі | ||||||||||||||||||||||
| Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
- Цифрлық жобалау, реверс инжиниринг және машина жасау өнімдерінің аддитивті өндірісі; - машина жасау өнімдерін әзірлеу, технологиялық дайындау және өндіру; - технологиялық процестер мен техникалық жүйелерді инженерлік талдау, зерттеу және жетілдіру; - машиналарды, жабдықтарды және өндірістік жүйелерді пайдалану, техникалық қызмет көрсету, диагностикалау, жөндеу және жетілдіру. |
|||||||||||||||||||||
|
Кәсіби қызмет объектісі:
Кәсіби қызмет объектілері болып машиналар, жабдықтар, технологиялық құрал-саймандар және олардың құрамдас бөліктері, машина жасау бұйымдарын жобалау, өндіру, пайдалану, диагностикалау және жетілдіру процестері, бұйымдардың цифрлық үлгілері, реверс-инжиниринг объектілері, аддитивтік өндіріс және автоматтандырылған өндіріс жүйелері табылады. |
||||||||||||||||||||||
|
Кәсіби қызмет түрлері:
- жобалау-конструкторлық; - жобалау-технологиялық; - өндірістік-технологиялық; - ұйымдастырушылық және басқарушылық; - эксперименттік және зерттеушілік; - инновация; - ғылыми-инженерлік; - инженерлік-аналитикалық; -цифрлық инжиниринг, реверс-инжиниринг және аддитивті технологиялар саласындағы қызмет. |
||||||||||||||||||||||
|
Кәсіби қызметінің функциялары:
– 3D-сканерлеуді, цифрлық модельдерді құруды, конструкторлық құжаттаманы қалпына келтіруді және бұйымдарды өндіріске дайындауды қоса алғанда, бұйымдар мен жабдықтардың реверс-инжинирингі бойынша жұмыстарды орындау; - машиналардың, жабдықтардың, айтабұйымдар мен құралдардың конструкцияларын жобалау және жетілдіру; - машина жасау өнімдерін дайындаудың технологиялық процестерін әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу; -нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын әзірлеу; - инженерлік талдауды, техникалық есептеулерді жүзеге асыру және конструкторлық, технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу; - машиналарды, жабдықтар мен өндірістік жүйелерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, диагностикалауды және жөндеуді ұйымдастыру; - бұйымдарды әзірлеу және жетілдіру кезінде аддитивті технологиялар мен цифрлық жобалау құралдарын қолдану; - өндірістік процестерді талдау, өнім сапасын бағалау және өндіріс тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу; -эксперименттік зерттеулер, сынақтар, өлшеулер жүргізу және ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелерін өндіріске енгізу. |
||||||||||||||||||||||
| Маманның құзыреттілік картасы |
|
|||||||||||||||||||||
| Модульдік оқу жоспары |
|
|||||||||||||||||||||