Геоморфология и геология антропогена

Сипаттама: Оқу пәні пайдалы қазбалар кенорындарын болжау және іздеу үшін негізгі болып табылатын геоморфологиялық карталарды оқып, құрастыруға үйрететін арнайы геологиялық пән болып табылады. Бедерді, яғни пішіні, өлшемі, шығу тегі, жасы және даму тарихы бойынша әртүрлі Жер бетінің жиынтығын зерттейді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты геоморфология және төрттік геология саласында теориялық және практикалық білімі бар білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Міндет
  • Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:: - беденрдің түрлері мен элементтері бойынша теориялық сұрақтарды зерттеу; - геоморфология және төрттік геология саласындағы қазіргі жетістіктермен егжей-тегжейлі танысу; -геоморфологиялық карталар мен төрттік шөгінділер, карталарын,қималарын құрастыру және құру әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуі және түсінуі тиіс: жер беті бедерінің құрылысы, жаратылуы, даму тарихы және қазіргі заманғы динамикасы туралы материалды;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білім алушылар - геоморфологиялық карталарды оқу және талдай білу; - төрттік кезендегі шөгінділердің геоморфологиялық карталары мен қималарын құрастыра білу; -әртүрлі пайдалы қазбалардың перспективті нақты аумақтар мен кенді құрылымдардың геотектоникалық және металлогениялық аудандастыру мәселелерін зерттеу кезінде геоморфологиялық талдаудың білімі мен түсінігін меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Оқыту нәтижесінде білім алушыларда жер бетіне әсер ететін факторлар мен бедер пішіндерінің даму ерекшеліктері туралы белгілі бір пайымдаулар қалыптасады.;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Білім алушылардың коммуникациялық қабілеттері олардың геоморфологияның әртүрлі мәселелерін ұжымдық талқылауда, конференцияларға, ғылыми жарияланымдарға және әр түрлі конкурстарға баяндамаларға бірлесіп қатысуда көрінеді;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқу кезінде студенттер белгілі бір теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді, оқуға қабілеттіліктерін көрсетеді,бұл әртүрлі деңгейдегі аттестаттау комиссияларының білімдерін тексерумен расталады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Негізгі түсініктер.
  • Бедер пішіндері мен элементтері туралы түсінік. Жер бедерінің морфологиясы мен морфометриясы. Жер бетінің кез келген учаскесінің бедері бірнеше рет қайталанатын және өзара кезектесетін жекелеген пішіндерден тұрады, олардың әрқайсысы бедер элементтерінен тұрады, олардың арасында гипсометриялық қатынаста қырлар мен жазықтарды, қырлар мен қыр бұрыштарды бөліп көрсетуге болады. Бедердің барлық пішіндері олар алатын алаңмен сипатталуы мүмкін.
  • Құрлықтар мен мұхиттар. Жер бедерінің планетарлық формаларын зерттеу. Бедердің ең ірі пішіндері - планетарлық - өзінің жаратылуы мен дамуына эндогендік үрдістерге міндетті боп табылады. Бедердің әрбір планетарлық түрі оған тән мега - және макробедердің пішіндерінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, сондай-ақ жер қыртысының құрылысындағы ,оның қалындығы, құрамы мен әртүрлі тектоникалық қозғалыстарымен байланысты болады.
  • Құрлықтардың мегарельефі. Құрлықтар-литосфера мен жер бетінің ұзақ эволюциясы кезінде қалыптасқан күрделі гетерогенді денелер.
  • Құрлықтардың қозғалмалы белдемелерінің мегабедері
  • Мегарельеф қайта түзілген тау белдеулерінің (эпиплатфорлы таудың) мегарельефі.. Қайтадан түзілген таудың мегабедері әртүрлі және айырылымдық тектоника нәтижесінде пайда болуы
  • Құрлықтардың су асты шеттерінің мегабедері. Ауданның шамамен 35% - ы мұхиттар мен теңіздердің суларымен жабылған, оның бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар, және де мұндай алаңның 2/3-і солтүстік жарты шарға және 1/3-і оңтүстікке тиесілі. Құрлықтардың су асты шеті шельфке, материктік беткейге және материктік етекке бөлінеді.
  • Жер қыртысының құрылысы және жер бедерінің планетарлық пішіндері. Құрлықтар мен ойпаттар астындағы жер қыртысының әртүрлі құрылымы бар, сондықтан жер қыртысының материктік және мұхиттық түрі бар.
  • Бедер қалыптастыру геологиялық процестердің рөлі. Бедер қалыптастырудың эндогенді факторлары.
  • Вулканизм және төрттік түзілімдер. Қазіргі адам заманында (төртінші кезең) жанартау қызметінің орталық түрі кең таралғаны байқалады.
  • Флювиалды процесс және пішіндер.
  • Өзен алқабының бедері
  • Геоморфологиялық карталардың бірыңғай аналитикалық аңыздарын құру принциптері.
  • Геоморфологиялық түсіруді жүргізу бойынша ұсыныстар. Геоморфологиялық түсіруге қойылатын жалпы талаптар.
Негізгі әдебиет
  • 1. Геоморфология 4-е изд. Учебник для академического бакалавриата 2. Звонкова Т.В. Прикладная геоморфология. - Рипол Классик, 2013.-280 с. 3. Кусaинов С. Четвертичнaя геология (основы и методы исследовaния), Litres, 2017. 4. Геоморфология с основами геологии четвертичных отложений / А.И. Трегуб, А.А. Старухин .— Воронеж : Издательско-полиграфический центр Воронежского государственного университета, 2012 .— 136 с. — 134 с.
  • 1 Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы, 2006 ж. 2 Байбатша Ә.Б. Геоморфология және антропоген геологиясы, Алматы 2000. 3 Звонкова Т.В. Прикладная геоморфология. - Рипол Классик, 2013.-280 с. 4 Кусaинов С. Четвертичнaя геология (основы и методы исследовaния), Litres, 2017. 5 ТрегубА. И., Старухин А.А .Геоморфология с основами геологии четвертичных отложений. Воронеж : Издательско-полиграфический центр Воронежского государственного университета, 2012 .— 136 с
Қосымша әдебиеттер
  • 5. Курс лекций. Геоморфология и четвертичная геология [Электронный ресурс] – URL: http://www.geo-logya.ru/index.php?action=list_category&id=368 6. Макарова Н.В., Суханова Т.В. Геоморфология. Учебное пособие. — М.: КДУ, 2009. — 414 7 Кизельвальтер Д.С., Раскатов Г.Н., Рыжова А.А. Геоморфология и четвертичная геология (Геоморфология и генетические типы отложений). М.: Недра, 1981. 7. Геоморфология. Академия наук СССР., 2006 8. «Геоморфология и геология антропогена». Астана, изд. «Фолиант», 2007; 9. Симонов Ю.Г. Геоморфология: Учебное пособие. – СПб.: Питер, 2005. – 427 с. 10. Копобаева А.Н., Айтпаева А.Р. методические указания к лабораторным работам по дисциплине «Геоморфология и четвертичная геология», КарГТУ, 2015;