Мамандыққа кіріспе
Сипаттама: Студент қара және түсті металдар өндірісінің негізгі процестерімен танысады. Оқудың аяғында студент алған біліміне сүйеніп материалдық және энергетикалық теңгерім жасай біледі, өңдеу өңімдерінің құрамы мен шығымын есептейді, жабдықтың өнімділігін анықтайды.
Кредиттер саны: 3
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 45 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты қара және түсті металдар өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен танысу болып табылады.
Міндет
- Түсті және Қара металдар өндірісінде ғылыми тәсілді қолдану. Экологиялық талаптар мен экономикалық мақсаттылықты ескере отырып Түсті металдарды өндіруге мүмкіндік беретін технологиялық схемаларды таңдау. Түсті және Қара металдар металлургиясы саласындағы негізгі металлургиялық процестер үшін жабдықтарды таңдау. Өз ойын сауатты білдіру қабілеті мен дербестігін көрсету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қара және түсті металдарды алу негіздерін, металдарды алудың негізгі технологиялық процестерін білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алынған білім және минералогиялық және химиялық құрамды талдау негізінде нақты шикізатты өңдеудің оңтайлы технологиясын таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Оқу үрдісінде білім алушыларда технологиялық үрдістердің өту заңдылықтары туралы тұрақты түсініктер қалыптасады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Негізгі металлургиялық үрдістерді қарастыру барысында заманауи ақпараттық қоғамның дамуына байланысты ақпараттың мәнін және мағынасын түсіну, сонымен қатар осыған байланысты төнетін қауіп-қатерді алдын ала ескере білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Алынған білім негізінде материалдық және энергетикалық балансты құру, қайта өңдеу өнімдерінің құрамы мен шығымын есептеу, агрегаттың өнімділігін анықтау
Оқыту әдістері
Пән бойынша дәріс сабақтарын өткізу белсенді оқыту әдісіне негізделеді, онда оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, оқытушының сұрақтарына жауап беретін сабаққа белсенді қатысушылар. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру үдерістерін белсендіруге, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы қауымдасқан ойлауды ынталандыратын және бұрын игерілген материалмен байланыс орнататын сұрақтар тізімін алдын ала белгілейді.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
| Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
|---|---|---|
| 1 рейтинг | ауызша жауаптар | 0-100 |
| есептерді шығару | ||
| тест | ||
| 2 рейтинг | жекеше тапсырма | 0-100 |
| есептерді шығару | ||
| реферат | ||
| тест | ||
| Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
| Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
|---|---|---|---|---|
| Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
| И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
| 2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
| Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90-94 | |
| B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80-84 | |
| B- | 2.67 | 75-79 | |
| C+ | 2.33 | 70-74 | |
| C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60-64 | |
| D+ | 1.33 | 55-59 | |
| D | 1.0 | 50-54 | |
| FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Металдар және олардың жіктелуі
- Кен орындарын барлау және кен өндіру;
- Түсті металл кендерін байыту
- Металлургиялық отын;
- Отқа төзімді материалдар;
- Металлургиялық процестердің жіктелуі;
- Пирометаллургиялық процестер;
- Гидрометаллургиялық процестер;
- Металлургия өндірісінің өнімдері мен жартылай өнімдері;
- Металдар
- Түсті металл қорытпалары
- Шикізат материалдарын металлургиялық өңдеуге дайындау;
- Металлургиялық процестердің жалпы принциптері мен әдістері;
- Металлургиялық кәсіпорындарда қоршаған ортаны қорғау;
- Қазақстанда металдар өндірісі
Негізгі әдебиет
- 1. Каримова Т.П. Основы металлургии. Курс лекций. Ташкент, 2019. 2. Уткин Н.И. Производство цветных металлов. - М.: Интерметинжиниринг, 2004. - 442с. 3. Тарасов А.В., Уткин Н.И. Общая металлургия: Учебник для вузов. – М.: Металлургия, 1997. 4. Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Общая металлургия: Учебник для вузов. – М.: Металлургия, 1985. 5. Основы металлургии. Тяжелые металлы. /Под ред. Н.С. Грейвер, Н.С. Клушин, И.А. Стригин и др. – М.: Металлургия, 1962. - Т.2. - 792с.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Севрюков Н.Н., Кузьмин Б.А., Челищев Е.В. Общая металлургия. – М.: Металлургия, 1976 2. Гудима Н.В., Шейн Я.П. Краткий справочник по металлургии цветных металлов. – М.: Металлургия, 1975. 3. Шаймуханов Д.А. Создание и развитие черной металлургии в Казахстане. – Алма- Ата: Наука, 1981. 4. Основы металлургии, т.1, ч. 1 и 2, (под редакцией Н.С. Грейвер, Д.Н. Клушина, И.А. Стригина, А.В. Троицкого). – М.: Металлургия, 1961. 5. 13 Соловьев А.В. Цветная металлургия Казахстана. Исторический очерк. – Алма-Ата: Казахстан, 1974.