Инженерлік графика

Миргородский Сергей Иванович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән сипаттамалық геометрия және техникалық сызу курсын қамтиды. Осы курсты оқу барысында сызба сызу, геометриялық құрылыс және проекциялық сызба дағдылары қалыптасады. Негізгі назар техникалық құжаттаманы әзірлеуге және ресімдеуге аударылады.

Кредиттер саны: 10

Пререквизиты:

  • Инженерлік графика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны шығармашылық емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Инженерлік графика пәнін оқытудың мақсаты тәжірибелі есептерді шешу нәтижелі болу үшін студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыру, жаңа графикалық түсініктермен таныстыру (мысалы: сызық, масштаб, қаріп), сонымен қатар, ертеден белгілі графикалық түсініктермен жұмыс істеу әдістерін және жаңа көзқарас қалыптастыру (мысалы: Монж эпюрі, центрлік проекциялау, параллель проекциялау), кеңістікте елестету қорын кеңейту және оларды бір жүйеге келтіріп бекіту болып табылады.
Міндет
  • Инженерлік графика пәнінің негізгі міндеттері сызба геометрия және инженерлік графика пәнінің негізгі түсініктерімен, анықтамаларымен таныстыру; КҚБЖ – нің негізгі қағидаларын үйрету, оларды тәжірибеде қолдана білуге және алған білімдерін келесі пәндерді оқу барысында (электротехника, қолданбалы механика және т.б.) курстық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауда қолдана алуға дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерлік графика пәнін оқыту нәтижесінде студент білуге тиіс: - проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық тетікбөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық тетікбөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Құзыреттері: – базалық және профильді пәндерді меңгеруге, болашақта инженерлік іс-әрекетті ойдағыдай орындауға қажет білім алу мүмкіндігі; – меңгерілген білім негізінде инженерлік графика және сызба жұмыстары міндеттерін тұжырымдау; – инженерлік графикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • – базалық және профильді пәндерді меңгеруге, болашақта инженерлік іс-әрекетті ойдағыдай орындауға қажет білім алу мүмкіндігі; – меңгерілген білім негізінде инженерлік графика және сызба жұмыстары міндеттерін тұжырымдау; – инженерлік графикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылары: - кеңістік элементтерін жазықтықта кескіндеу тәсілдері, бұл кескіндер көмегімен геометриялық сипаттағы есеп шығару жолдары, сызбаны орындау мен рәсімдеудің негізгі ережелері мен заңдылықтарын оқып – білу; - бұйым сызбасын оқу және орындау; - ұқыптылыққа, зеректікке, инженерлік тұрғыдан ойлауға және басқа қасиеттерге ие болу.
Оқыту әдістері

Жүйелілік. Оқу мақсаттарының диагностикасы; Оқу процесін технологияландыру. Пәнді оқыту үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмыстары. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылады. Мәтіндік, аудио және бейне ақпарат, графика, сызбалар және т.б.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг А3 пішіміндегі графикалық жұмыс. Титул бетін толтыру 0-100
Детальдің үш проекциясын сызу және оның изометриялық проекциясын орындау
Детальдің үш проекциясын сызу және қарапайым тілікті орындау
Детальдің үш проекциясын сызу және күрделі тілікті орындау
Детальдің екі проекциясын сызу және қиманы орындау
Бұрандалы қосылыстардың сызбаларын орындау
Ажыратылмайтын қосылыстарды орындау
2  рейтинг Құрастыру сызбасын орындау. 0-100
Натурадан эскиздеу
Эпюр №1 эпюрді орындау
Эпюр №2-ні орындау
Эпюр №3-ті орындау
Эпюр №4-ті орындау
Барлық графикалық жұмыстарды тапсыру
Қорытынды бақылау емтихан, емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тақырып 1Кіріспе
  • Тақырып 2 Негізгі геометриялық түсініктер: нүкте, түзу, жазықтық, беттер
  • Тақырып 3Нүктені үш проекция жазықтығына проекциялау
  • Тақырып 4Түзудің жалпы және жеке жағдайда орналасуы
  • Тақырып 5Жазықтықтардың берілуі тәсілдері
  • Тақырып 6 Жазықтықтардың түрлендіру тәсілдері
  • Тақырып 7 Жазықтықтың түзумен қиылысуы
  • Тақырып 8 Жазықтықтардың қиылысу сызығын анықтау
  • Тақырып 9Көпжақтар
  • Тақырып 10Көпжақтар мен беттердің түзумен қиылысуы
  • Тақырып 11Көпжақтар мен беттердің жазықтықпен қиылысуы
  • Тақырып 12 Беттердің жазықтықпен қиылысуы
  • Тақырып 13Сфера және деңгейлік жазықтықтар тәсілдері арқылы беттердің қиылысу сызығын анықтау
  • Тақырып 14Беттердің қиылысу сызығын анықтау
  • Тақырып 15Қисық беттер
Негізгі әдебиет
  • Основная литература 1 Куликов В.П., Кузин А.В., Дёмин В.М. Инженерная графика. –– М.: ФОРУМ – ИН- ФРАМ, 2006. –– 366 с. 2 Гордон В.О.,Семенцов-Огиевский М.А. Курс начертательной геометрии. –– М.: Выс- шая школа, 2007. –– 272 с. 3 Чумаченко Г.В. Техническое черчение. –– Ростов-на-Дону: Феникс, 2005. –– 341 с. 4 Чекмарев А.А. Начертательная геометрия и черчение. –– М.: Высшее образование, 2009. –– 471 с. 5 Левицкий В.С. Машиностроительное черчение и автоматизация выполнения черте- жей. –– М.: Высшая школа, 2006. –– 432 с. 3.2 Дополнительная литература 6 Богатырев М.Ф. Основы инженерной графики. Часть I. Начертательная геометрия: Учебное пособие. Издание второе, переработанное и дополненное. / ВКГТУ. –– Усть- Каменогорск, 2012. –– 317 с. 7 Богатырев М.Ф. Основы инженерной графики: В 2 ч.: Ч. II. Техническое черчение: Учеб. пособие. –– Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2014. –– 385 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 1Инженерная графика : научное издание / А.Потемкин. - Изд. 2-е, испр. и доп. - М. : Лори, 2002. - 444 c. + 1 CD-ROM. - ISBN 5-85582-145-5 2 Инженерная графика : Учеб. для ВУЗов / А.А.Чекмарев. - 4-е изд., стереотип. - М. : Высш. шк., 2002. - 365 с. : ил. - Библиогр.: с.355 . -Предм. указ.: с. 356-359. - ISBN 5-06-003727-4 3 Инженерная графика : Учебник / С.К.Боголюбов. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Машиностроение, 2002. - 351 c. : ил. - Библиогр.: с.338 . -Предм. указ.: с.339-345. - ISBN 5-217-02327-9 4Инженерная графика : учебник / А.И.Лагерь. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Высш. шк., 2003. - 270 c. - Библиогр.: с. 262; Предм. указ.: с.263-266. - ISBN 5-06-004068-2