Основы обогащения полезных ископаемых

Сипаттама: Пайдалы қазбаларды байыту процестерінің теориялық негіздерін қамтиды (сұрыптау, гравитациялық және флотациялық байыту, магниттік және электрлік сепарация, химиялық байыту әдістері). Байыту жабдықтары және оның әрекет ету принципі қарастырылды. Пайдалы қазбаларды байыту тәжірибесі жарық көрді. Байыту және металлургия мамандықтарының студенттеріне арналған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты пайдалы қазбаларды байыту процестерінің теориялық негіздерін, байыту жабдықтарының жұмыс қағидаларын, пайдалы қазбаларды өңдеудің технологиялық сұлбаларын игеру болады
Міндет
  • Пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық сұлбаларын таңдауды, негіздеуді және есептеуді жүргізуге болатын алынған теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пайдалы минералдарды бос жыныстардан бөліп алу, яғни пайдалы қазбаларды байыту әдісін таңдау негізінде болатын негізгі бөлу белгілерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пайдалы қазбаларды байытуға арналған жабдықтарды және байытудың технологиялық сұлбасын таңдауды және есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пайдалы қазбаларды байытудың теориялық мәселелерін оқып білу кезінде анықтамалық әдебиетті белсенді пайдалану дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алынған теориялық білімді тәжірибелік қызметте пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихандарды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Кен минералдары және кенсіз минералды шикізат. Байытудың негізгі ұғымдары мен көрсеткіштері
  • 2 тақырып. Елеу процестері, міндеті. Елеуіштердің құрылмасы
  • 3 тақырып. Ұсату. Ұсату процестері. Ұсатуға арналған машиналарының жіктелуі
  • 4 тақырып. Ұнтақтау. Процестің міндеті. Ұнтақтайтын аппараттардың жіктелуі
  • 5 тақырып. Ұнтақтау циклдерінде сұрыптау процесі. Сұрыптауыштар
  • 6 тақырып. Гравитациялық байытудың негізгі ұғымдары. Сұрыптау және қолдану саласы
  • 7 тақырып. Ауыр орталарда байыту. Процестің мәні. Отсадкалау әдісімен гравитациялық байыту. Отсадкалау машиналарының түрлері
  • 8 тақырып. Су ағынында байыту. Концентрациялық үстелдерде байыту. Шлюздер, міндеті және қолдану саласы
  • 9 тақырып. Бұрамалы сепараторларда байыту. Ағынды концентраторлар, әрекет қағидасы, қолдану саласы
  • 10 тақырып. Флотациялық байыту әдістері. Теориялық негіздері. Флотациялық реагенттер
  • 11 тақырып. Флотациялық машиналардың жіктелуі, құрылысы және жұмыс істеу қағидасы. Флотациялық процестердің сұлбалары
  • 12 тақырып. Магниттік байыту. Магниттік байыту үшін қолданылатын сепараторлар. Электрлік байыту және оны жүзеге асыруға арналған құрылғылар
  • 13 тақырып. Арнайы байыту әдістері. Кенді сорттау. Пішіні, үйкеліс және серпімділік бойынша байыту. Декрипитация. Күйдіру. Ерітінділеу
  • 14 тақырып. Сусыздандыру. Жалпы мәліметтер, ылғал түрлері. Сусыздандыру әдістері - дренирлеу, центрифугалау
  • 15 тақырып. Қойылдыру, сүзу, кептіру әдістерімен сусыздандыру
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Ұсату және елеу. Гранулометриялық құрам. Елеуішті талдау
  • Ұнтақтау. Ұнтақтау кинетикасын зерделеу. Зертханалық шарлы диірменде ұнтақтау кинетикасын анықтау
  • Гравитациялық әдістер. Минералды түйіршіктердің негізгі физикалық қасиеттерін зерделеу. Кен тығыздығын анықтау. Үйінді тығыздығын анықтау
  • Флотациялық әдістер. Зертханалық флотациялық машинаның құрылғысын және флотациялық тәжірибені жүргізу әдістемесін зерделеу
  • Флотациялық әдістер. Жинағыш шығынының флотация көрсеткіштеріне әсерін зерттеу
  • Магниттік байыту. Сепаратордың жұмыс аймағында магниттік өрісінің сипаттамасын зерттеу. Магниттік сепаратордың құрылмалық ерекшеліктерін, әрекет қағидасын зерттеу
  • Сусыздандыру. Қойыртпақтың қойылдыруын зерттеу. Қойылдырудың үлесті ауданын анықтау
  • Сусыздандыру. Коагулянттардың әсерінен қойыртпақтың қойылдыруын зерттеу
Негізгі әдебиет
  • 1. Абрамов А.А. Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых. - М., МГГУ, 2001. 2. Шилаев В.П. Основы обогащения полезных ископаемых. - М., Недра, 1986. 3. Келина И.М. Обогащение руд. - М., Недра, 1979. 4. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Гл. ред. О.С.Богданов. Т. 1. Подготовительные процессы. - М., Недра, 1974. 5 .Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 2. Основные и вспомогательные процессы, ч. 1 Основные процессы. - М., Недра, 1974 6. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 2. Основные и вспомогательные процессы, испытания обогатимости, контроль и автоматика. - М., Недра, 1974.
Қосымша әдебиеттер
  • 7. Андреев С.Е., Зверевич В.В., Перов В.А. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. М., Недра, 1980. 8. Шохин В.В., Лопатин А.Г. Гравитационные методы обогащения. М., Недра, 1993 9. Карамзин В.В., Карамзин В.И. Магнитные и электрические методы обогащения. - М., Недра, 1988. 10. Кравец Б.Н. Специальные и комбинированные методы обогащения. -М., Недра, 1986