Металлургия меди, никеля и кобальта

Сипаттама: Студент мыс, никель және кобальтты өндірудің теориялық негіздерін, олардың өндірісінің замамнауи технологияларының күйін және саланың даму болашағы жөнінде білімдерді игереді. Оқушы мыс, никель және кобальттың шикізат базасын және осы металдардың кендері мен концентраттарын қорытудың технологиялық сұбаларын білуі қажет. Ол осы металдарды өндіру кезінде металлургиялық агрегаттарда жүретін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын түсінеді және біледі.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Мыс, никель және кобальт металлургиясы» пәнін оқудың мақсаты келешек маманға металлургия саласында мыс, никель және кобальт өндірісінің теориясы мен технологиясын терең игеруге мүмкіндік беретін білімдер беру.
Міндет
  • Бақылау және курстық жұмыстардың мақсаты мыс, нкель және кобальтты алу бағытында практикалық есептерді шығару барысында «Мыс, никель және кобальт металлургиясы» пәнінің мазмұнын ашатын теориялық жағдайлар мен негізгі заңдылықтарды түсіну. Бақылау жұмысын орындау мыс, никель және кобальтты өндіріу процесін тереңірек түсінуге және металлургиялық есептеулерді жүргізуге практикалық машықтануға мүмкіндік туғызады
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім: Оқушы білуі тиіс: - Мысты-никельді өндірістің шикізат базасын. Мыс, никель және мысты-никельді концентраттарды өңдеудің технологиялық сұлбаларын. - Мысты-никельді шикізатты металлургиялық өңдеудің технологиясы мен жабдықтарын. - Шарпымалы, шахталық және электр пештерінде штейн және қож түзілудің термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын. - Автогендік үрдістердің теориялық негіздері мен технологиясын. - Мыс, никель және мысты-никельді штейндерді қайта өңдеудің теориясы мен технологиясын. - Мыс және никель концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеудің теориясы мен технологиясын. - Кобаль алудың теориялық негіздері мен технологиясын.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Оқушы төмендегілерді істей алуы тиіс: - Химиялық құрамдары бойынша кендер мен концентраттардың минералдық құрамдарын есептеуді. - Технологиялық процестердің материалдық және жылу баланстарын құрастыра білуді. - Әдістемелік нұсқаулықтар бойынша зертханалық жұмыстарды орындай білу. - Орындалған зертханалық жұмыстарға қорытындылар жасай білу. Оқушы төмендегіге құзыретті болуы тиіс - Минералды шикізаттан өнімді рафинациялай бөліп алу кезінде химиялық тепе-теңдік заңдылықтарын, күйдің фазалық диаграммасын пайдалана отырып үрдістің сандық көрсеткіштерін есептей білу; - Ғылыми әрекеттің бар түрін ұйымдастырып жоспарлай білуі керек - Металлургиядағы технологиялық үрдістерді зерттеуге қажетті алдыңғы қатарлы ғылыми тәсілдерді, техникалық құрал жабдықтарды қолдана білу; - Металлургиялық үрдістерге қатысты ғылыми зерттеу және иновациялық қызметін білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми-техникалық тақырыптар бойынша аналитикалық шолулар жасау. Патенттік іздестірулер жүргізе білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Командада жұмыс істеу қабылеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білімдерді өздігінен игере білу қабылеттілігі
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 Мыстың кендері мидті мыс кендері мен концентраттарын өңдеудің техно логиялық сұлбасы. Сульфидті мыс концетраттарын тотықтыра күйдіру. .
  • 2 Сульфидті мыс концентраттарын штейнге балқыту.
  • 3 Автогендік процестер Оттықта балқыту
  • 4 Автогендік процестер. Былауда балқыту
  • 5 Мыс штейндерін конвертерлеу. Қара мысты отты тазарту
  • 6 Мысты электролиттік рафинирлеу. Мыс гидрометаллургиясы.
  • 7 Никелдің кендері мен минералдары. Сульфидті және тотыққан никель кендері мен концентраттарын өңдеудің технологиялық сұлбасы. Тотыққан никель кендерін балқытуға дайындау.
  • 8 Тотықсыздандыра-сульфидтей штейнге балқыту.
  • 9 Ферроникель ала балқыту.Ферроникелді рафинирлеу
  • 10 Никель штейндерін конвертерлеу. Файнштейнді қайта өңдеу.Никель оксидін тотықсыздандыра балқыту
  • 11 Сульфидту никелель кендерін қорыту. Штейнге балқыту. конвертерлеу. Файнштейнді қайта өңдеу.
  • 12 Мысты-никелді штейндерді конвертерлеу Никельді лектролиттік рафинирлеу.
  • 13 Никель гидрометаллургиясы.
  • 14 Кобальттың кендері мен минералдары.Сульфаттай күйдіру өртенді-лері мен тотыққан концентраттар-ды гидрометаллургиялық өңдеу. Мысты кобальтты кендерді өңдеу әдістері.
  • 15 Конвертер қождарынан кобальт алу . Конвертер қождарын электр пештерінде кедейлету. Кобальт штейндерін қайта өңдеу. Сульфатты ерітінділерден кобальт алу. Металдық кобальт алу.
Негізгі әдебиет
  • 1/ Уткин Н.И., Производство цветных металлов//-М., «Интернет инжиниринг», 2002. 2. Марченко Н.В., Вершинина Е.П., Гильдербрандт Э.М., Металлургия тяжёлых цветных металлов// - Красноярск, СФУ, 2009. 3. Худяков И. Ф., Кляйн С.Э., Агеев Н.Г., Металлургия меди, никеля, сопутствующих элементов и проектирование цехов// -М., Металлургия, 1993. 4. Ванюков А.В., Уткин.Н.И. Комплексная переработка медного и никелевого сырья//-М.,Металлургия, 1988 5. Гудима Н.В., Шейн Я.П., Краткий справочник по металлургии цветных металлов//-М., Металлургия, 1987. 6. Худяков И.Ф., Тихонов А.И., Деев В.И.. Набойченко С.С. Металлургия меди, никеля и кобальта, т.1, т.2//-М., Металлургия, 1977. 7. Ванюков А.В., Быстров В.П., Васкевич Ф.Д. и др., Плавка в жидкой ванне//-М.,Металлургия, 1988.
Қосымша әдебиеттер
  • 5 Худяков И.Ф., Тихонов А.И., Деев В.И.. Набойченко С.С. Металлургия меди, никеля и кобальта, т.1, т.2//-М., Металлургия, 1977 6 Смирнов В.И, Худяков И.Ф., Деев В.И., Извлечение кобальта из медных и никелевых руд//-М., Металлургия, 1970 7 Лоскутов.Ф.М., Цейдлер А.А, Расчёты по металлургии тяжёлых цветных металлов,//-М., Металлургиздат, 1963 8 Ванюков А.В., Быстров В.П., Васкевич Ф.Д. и др., Плавка в жидкой ванне//-М.,Металлургия, 1988 9 Гудима Н.В., Карасёв Ю.А., Кистяковский Б.Б. и др., Технологические расчёты в металлургии тяжёлых металлов//-М., Металлургия 1977 10 Баймаков Ю.В., Журин А.И., Электролиз в гидрометаллургии//-М., Металлургия, 1970 11. Клушин Д.Н., Резник И.Д., Соболь С.И., Применение кислорода в цветной металлургии//-М., Металлургия, 1983 12 М.З.Тоғызов, В.С.Жаглов, З.В. Шерегеда, Мыс, никель және кобальт металлургиясы. Өздік жұмыстардың тапсырмалары және оны орындау нұсқаулықтары. //- Өскемен, ШҚМТУ, 2010 13 Тоғызов М.З. Мыс, никель және кобальт металлургиясы. Курстық жұмыстың тақырыптары және оны орындаудың әдістемелік нұсқаулықтары.// -Өскемен, ШҚМТУ,2009