Металлургия благородных металлов

Сипаттама: Пән - кендерден, концентраттардан асыл металдарды бөліп алу үрдістерін, бөліп алу технологияларын қарастырады. Асыл металдарды өндіру байыту және металлургиялық үрдістерінен тұрады, олар белгілі бір физикалық-химиялық заңдылықтарға бағынады. Пәнді оқу барысында шикізаттардан асыл металдарды бөліп алудың гравитациялық, циандық, ион алмасу, аффинаждық ж.б. әдістері қарастырылады, олардың термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтары оқытылады. Алтыны бар кендерді өңдеудің болашақты әдістеріне қамтылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты - олар алтын, күміс, платина және оның серіктес металдарын шикізаттан бөліп алудың алудың заманауи технологияларын, талап етілетін кондициядағы металдарды алудың жаңа әдістерін меңгерген.
Міндет
  • - асыл металдар өндірісінде қолданылатын технологиялар негізінде жатқан қазіргі заманғы процестерді зерттеу; - болашақ мамандардың асыл металдар өндірісі саласында құзыреттілігін қалыптастыру; - білім алушыларда алынатын металдардың тазалығына қойылатын қазіргі заманғы техника талаптарын ескере отырып, металдарды алудың заманауи әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - заманауи техниканың талаптарын қамтамасыз ететін түсті және асыл металдарды алу саласындағы бағыттарды оқып үйрену; - асыл металдарды өнеркәсіптік алуда металлургиялық үрдістердің жүруінің теориялық негіздерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - металдарды өнеркәсіптік алудың металлургиялық үрдістерінің технологиялық сұлбаларын есептеуді; негізгі технологиялық жабдықтардың конструктивтік параметрлерін есептеуді; өнімнің болжамды шығуын және қолданылатын реагенттер мен энергия ресурстарының шығынын есептеуді үйрену
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - металлургиялық процестердің термодинамикалық сипаттамаларын есептеу және олардың температураға байланысты тепе-теңдік константалары; - реакция жылдамдығын, активтендіру энергиясын және реакция тәртібін реакция концентрациясына байланысты есептеу; - негізгі технологиялық жабдықтарды есептеу үшін кинетикалық есептеулер нәтижелерін қолдану.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 Асыл металдардың кендері, минералдары, кен орындары.
  • 2 Асыл металдардың кендерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері
  • 3 Асыл металдар шикізаттарын өңдеу үрдістері. Кендерді дайындау әдістері
  • 4 Асыл металдарды кендерден бөліп алудың гравитациялық әдістері
  • 5 Асыл металдарды амальгамдау әдісімен бөліп алу үрдісі. Амальгаманы өңдеу.
  • 6 Асыл металдарды шашыранды кен көздерінен бөліп алу. Кендердің түзілуі бойынша бөлінуі. Кендік материалдың көрсеткіштері.
  • 7 Асыл металдарды циандық ерітінділеу әдісімен өңдеу. Үрдістің термодинамикасы мен кинетикасы. Гидроолиз, ерітіндінің қажуы. Ерітіндіні қатты фазалдан бөліп алу.
  • 8 Циандық ерітінділерден асыл металдарды бөліп алу әдістері. Ерітіндіден шөктіру жолдары. Цементациялық әдіс
  • 9 Асыл металдарды ерітіндіден ион алмасу шайырлары және белсендірілген көмір арқылы бөліп алу әдістері, түрлері. Үрдістің технологиялық ерекшеліктері, иониттер, белсендірілген көмір, регенерациялық үрдістер
  • 10 Асыл металдарды ерітінділерден бөліп алудың экстракциялық әдісі. Экстрагенттер. Реэкстракция. Реэкстракциялық ерітінділер.
  • 11 Асыл металдарды ерітінділерден бөліп алудың электролиттік жолдары. Ерекшеліктері, қолданылатын жабдықтар.
  • 12 Асыл металдарды таза түрде бөліп алудың аффинаждық әдісі. Аффинаждау түрлері. Хлормен бөлу, Электролиттік тазарту жолдары.
  • 13 Платина және платина тобының металдарды. Шикізат көздері, минералдары. Технологиялық ерекшеліктері
  • 14 Платина тобының металдарын кендік материалдан бөліп алу жолдары.
  • 15 Таза металдық түрде бөліп алу әдістері. технологиялық ерекшеліктері. жабдықтар.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Кендерінің сеппелік қасиеттерін анықтау
  • Кендерді ерітінділеу, қойыртпақты тұндыру, сүзу әдістері
  • Күмістің нитраттық ерітінділерінен күмісті бөліп алу әдістері.
  • Асыл металдарды ион алмасу шайырларына сіңіру, оны элюирлеу әдістері
  • Асыл металдардың электролизі
Негізгі әдебиет
  • 1. Масленицкий И.Н., Чугаев Л.В., Борбат В.Ф. и др. Металлургия благородных металлов. М.: Металлургия, 1987. - 432 с. 2. Котляр Ю.А., Меретуков М.А., Стрижко Л.С. Металлургия благородных металлов. Учебник. В 2-х кн.. - М.: МИСИС, Изд.Дом "Руды и металлы", 2005, Кн.1, 432 с, Кн.2. 392 с. 3. Зеликман А.Н., Вольдман Г.М., Белявская Л.В. Теория гидрометаллургических процессов. - М.: Металлургия, 1983. - 424 с. 4. Полькин С.И., Адамов Э.Х., Панин В.В. Технология бактериального выщелачивания цветных и редких металлов. - М.: Недра, 1982. - 288 с.
Қосымша әдебиеттер