Жеңіл металдар металлургиясы
Сипаттама: Жеңіл металдар металлургиясының (алюминий, титан және магний) технологиялық процестерінің негіздерімен, құрамында жеңіл металдар мен олардың химиялық қосылыстары бар шикізат көздерін өңдеу теориясымен және практикасымен, сондай-ақ процестер мен аппараттардың қажетті металлургиялық есебін жүргізе білуімен танысу.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Металлургия өндірісінің технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жұмыс | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты- студенттердің жеңіл металдар металлургиясының технологиялық үрдістерінің негізін, құрамында жеңіл металдар мен олардың химиялық қосылыстары бар шикізат көздерін өңдеу әдістерінің теориясы мен тәжірибесін, процестер мен аппараттардың қажетті металлургиялық есебін жүргізе білуі. Оқыту пәні шикізат базасы, физикалық-химиялық ерекшеліктері, технологиясы, Металлургиялық үрдістердің негізгі жабдықтары болып табылады.
Міндет
- Жеңіл металдар металлургиясын оқыту міндеттері келесілер болып табылады: - жеңіл металдарды алудың теориялық негіздерін білу; - жеңіл металдар металлургиясы дамуының негізгі кезеңдерін білу; - жеңіл металдар өндірісінің технологиялық ерекшеліктерін тану; - жеңіл металдар өндірісі үшін шикізатты қалыптастыру кезінде өтетін процестерді тану - -ндірістің бас аппаратуралық-технологиялық схемаларымен танысу - жеңіл металдар металлургиясының заманауи мәселелерімен, маманданудың ғылыми пәні ретінде танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Осы модуль бойынша жеңіл металдар мен олардың қосылыстарының қасиеттері, жеңіл металдарды кендік шикізаттан және және, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын металлургиялық аралық өнімдерден алудың қазіргі заманғы және перспективалық әдістері, жеңіл металдарды алудың отандық және шетелдік өнеркәсіптік технологиялары және оларды кешенді өңдеудің нақты деректерін жинақтау қажет. Студенттерде негізгі физикалық-химиялық заңдылықтарды білу негізінде металлургиялық қайта өңдеуге тартылатын жеңіл металдардың өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін химиялық ойлауды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Модульді оқып болғаннан кейін студент нақты технологиялық есептерді шешуі тиіс (шикізаттың нақты түрінен қандай да бір металды алу технологиясын жасау, процестердің оңтайлы режимдерін таңдау, қасиеттері бойынша жақын элементтерді бөлу немесе тазарту тәсілін таңдау, аппаратуралық жабдықтау және т.б. таңдау).
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - жеңіл металдарды өндіру процестері бойынша зерттеу жұмыстарына әдеби шолу жасау ;
- - жеңіл металдарды алудың технологиялық процестерін зерттеу нәтижелерін қорытындылау және түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - орындалған зерттеу жұмыстары бойынша есептемелер жасау;
- - зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша ақпарат беру;
- - командада жұмыс істей білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - жеңіл металдарды алу үдерістерінің зерттеу жұмыстары мен технологияларын талдау негізінде проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын табу қабілеті;
- - жеңіл металдарды алу технологиясының проблемалық мәселелерін шешу бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау қабілеті;
- - білімді жетілдіру және одан әрі оқыту дағдысының болуы.
Оқыту әдістері
- проблемалық-бағытталған оқыту;
-оқу-зерттеу қызметінің технологиясы
- оқу пікірсайыстары, пікірталастар
- қашықтықтан білім беру технологиялары.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
| Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
|---|---|---|
| 1 рейтинг | ауызша жауаптар, дәрісті қорғау | 0-100 |
| есептерді шығару | ||
| тест | ||
| 2 рейтинг | жеке тапсырмаларды орындау | 0-100 |
| есептерді шығару | ||
| реферат | ||
| тест | ||
| Қорытынды бақылау | емтихан, курстық жұмыс | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
| Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
|---|---|---|---|---|
| Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
| И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
| 2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
| Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90-94 | |
| B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80-84 | |
| B- | 2.67 | 75-79 | |
| C+ | 2.33 | 70-74 | |
| C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60-64 | |
| D+ | 1.33 | 55-59 | |
| D | 1.0 | 50-54 | |
| FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жеңіл металдар металлургиясы туралы жалпы мәліметтер
- Глиноземді Байер тәсілі бойынша өндіру
- Глиноземді күйежентектеу әдісімен өндіру
- Нефелиндерді, алуниттерді өңдеу
- Глиноземнің электролизі
- Алюминий электролиттік жолмен алу өндірісіндегі катодтық және анодтық процестер
- Магнийдің металлургиясы
- Карналлиттен сусыз хлорлы магний алу
- Магний алу үшін балқымалардың электролизі кезінде жүретін процестер
- Силикотермиялық және карботермиялық тәсілдермен магний өндіру технологиясы
- Титанның металлургиясы
- Ильменит концентратынан кендітермиялық тотықсыздандыра балқыту арқылы титан қождарын алу процессі
- Титан қождарын хлорлау жолдары
- Техникалық титан тетрахлоридін қоспалардан тазарту жолдары
- Титанды алудың магниетермиялық әдісі
Негізгі әдебиет
- 1. Лебедев В.А., Рогожников Д.А.Металлургия титана//уч.пособие. Екатеринбург УБЦ-УПИ, 2015. 2. Исаева Л.А., Васюнина Н.В., Симакова О.Н. Металлургия лёгких металлов. - Красноярск: Сибирский федеральный ун-т, 2012. 3. Лебедев В.А., Седых В.И. Металлургия магния // уч.пособие. Екатеринбург УБЦ-УПИ, 2010. 3. Москвитви В.И. Металлургия легких металлов // Изд. Интермет Инжиниринг. 4. 2005. Иванов А.И., Кириченко Р.И., Кожевников Г.Н., Полищук А.А. Бокситы - комплексное сырье. - Запорожье: Лана-Друк, 2005.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Гудима Н.В., Шейн Я.П. Краткий справочник по металлургии цветных металлов. –М.: Металлургия, 1975. -536 с. 2. Криворученко В.В., Коробов М.А. Тепловые и энергетические балансы электролизеров. –М.: Металлургиздат, 1963. -320 с. 3. Стефанюк С.Л. Металлургия магния и других легких металлов. –М: Металлургия, 1985. – 200 с. 4. Николаев И.В., Москвитин В.И. Фомин Б.А. Металлургия легких металлов. –М.: Металлургия, 1997. – 432 с. 5. Худайбергенов Т.Е. Металлургия легких металлов. – Алматы, 2001. – 235 с. 6. Иванов А.И., Кириченко Р.И., Кожевников Г.Н., Полещук А.А. Бокситы - комплексное сырье. - Запорожье: Лана-Друк, 2005. — 220 с. 7. Исаева Л.А., Васюнина Н.В., Симакова О.Н. Металлургия лёгких металлов. - Красноярск: Сибирский федеральный ун-т, 2012.