Түрлі түсті металлдарды алудың электрохимиялық негіздері

Саденова Маржан Ануарбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Білім алушыларға металлургия өндірісінің теориялық негіздері, қазіргі жағдайы және тәжірибелік қосымшасы туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік береді. Оқыту барысында химиялық термодинамика және электрохимиялық реакциялардың кинетикасы, электролиз арқылы металдарды алу мен тазартудың заманауи тәсілдері, сондай – ақ оларды практикалық қызметте қолдану үшін жаратылыстану-ғылыми сипаттағы терең білімдер қалыптасады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Химия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан жазу

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • "Түсті металдарды алудың электрохимиялық негіздері" курсы Металлургия мамандығының студенттеріне осы ғылымның теориялық негіздерін, металлургиялық өндірістегі қазіргі жағдайы және практикалық қолданулары туралы нақты түсінік беру мақсатында жүргізіледі. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді электродтық процестердің термодинамикасы мен кинетикасымен, түсті металдарды электролиттік жолмен алудың теориялық негіздерімен таныстыру болып табылады.
Міндет
  • "Түсті металдарды алудың электрохимиялық негіздері" курсының міндеті студенттердің химиялық термодинамика және электрохимиялық реакциялардың кинетикасы, электролиз арқылы металдарды алу мен тазартудың заманауи тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар практикалық қызметте қолдану үшін бакалаврларды жаратылыстану – ғылыми сипаттағы терең біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - электрохимиялық реакциялардың термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын білу және түсіну;
  • - түсті металдарды электролиттік тазарту және алу процестерінің негізгі заңдылықтарын білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - электрохимиялық реакциялардың жүруінің термодинамикалық және кинетикалық есептеулерін жүргізу;
  • - түсті металдарды электролиттік тазарту және алу процестерінің технологиялық есептеулерін жүргізу.
  • - электрохимиялық үдерістерге зертханалық зерттеулер жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - электрохимиялық үдерістерді есептеулерді орындау нәтижелері негізінде қорытынды және тұжырымдамалар жасау;
  • - электрохимиялық процестерді зерттеу нәтижелері негізінде қорытындылар мен тұжырымдамалар жасау;
  • - тақырыптық әдеби шолулар жүргізу және талдау негізінде қорытынды жасау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - орындалған зертханалық-зерттеу жұмыстары бойынша есептемелер жасау;
  • - зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша ақпарат беру;
  • - командада жұмыс істеп үйрену
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - электрохимиялық процестер мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау негізінде проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын табу қабілеті;
  • - электрохимиялық үдерістердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау қабілеті.
  • - білімді жетілдіру және одан әрі оқыту дағдысының болуы
Оқыту әдістері

- проблемалық-бағытталған оқыту;

-оқу-зерттеу қызметінің технологиясы;

- оқу пікірсайыстары, пікірталастар

- қашықтықтан білім беру технологиялары.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Жеке тапсырмалар 0-100
Дәріс материалын жеткізу
Берілген тақырып бойынша реферат
Тестілеу
2  рейтинг Жеке тапсырмалар 0-100
Дәріс материалын жеткізу
Берілген тақырып бойынша реферат
Тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 Электрохимиялық ұяшықтар және онда өтетін процестер
  • 2 Гальваникалық элементтің термодинамикасы
  • 3 Электродтардың жіктелуі
  • 4 Қос электр қабатының құрылысы
  • 5 Химиялық поляризация
  • 6 Концентрациялық поляризация
  • 7 Тұрақты диффузия шартындағы концентрациялық поляризация
  • 8 Катодта иондардың бірге разрядтануы
  • 9 Металл иондарының разрядталу процесінің механизмі мен кинетикасы
  • 10 Металдарды жақсы еритін қосылыстар түзе анодтық еріту
  • 11 Мысты электролиттік тазартудың теориялық негіздері
  • 12 Никельді электролиттік тазартудың теориялық негіздері
  • 13 Мырышты электролиттік жолмен алудың теориялық негіздері
  • 14 Алюминийді электролит жолмен өндірудің теориялық негіздері
  • 15 Магнийді электролиттік жолмен алудың теориялық негіздері
Негізгі әдебиет
  • 1 Москвитин В. И. Теория электрометаллургических процессов: лабораторный практикум для студентов. – изд. 2-е. – М. : Учеба, 2004. – 40 с. 2 Жаглов В.С., Шерегеда З.В. Электрохимия. Учебное пособие. //-Усть – Каменогорск:, - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2008. 3 Жаглов В.С., Шерегеда З.В. Лабораторный практикум по электрохимии//- Усть-Каменогорск, ВКГТУ,2007. 4 Жаглов В.С., Шерегеда З.В. Электрохимия. Методические указания по выполнению самостоятельных работ//-Усть- Каменогорск, ВКГТУ, 2009
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Дамаскин,Б.Д., ПетрийО.А. Основы теоретической электрохимии// М., Высшая школа, 1978. 2.Левин А.И. Теоретические основы электрохимии// - М., Металлургия, 1972. 3 Делимарский Ю.К. Электрохимия ионных расплавов// - М., Металлургия, 1978. 4 Флёров В.Н. Сборник задач по прикладной электрохимии// - М,. Высшая школа,1976. 5 Кукоз Ф.И Сборник задач по теоретической электрохимии// М., Высшая школа, 1982. 6 Левин А.И., ПомосовА.В. Лабораторный практикум по теоретической электрохимии//- Металлургия, 1979