Технология обогащения полезных ископаемых

Сипаттама: Түсті, сирек кездесетін, асыл, қара металдар, тау-кен-химия шикізаты, кенсіз пайдалы қазбалар мен көмірдің негізгі түрлері мен технологиялық ерекшеліктерін қамтиды. Кендердің негізгі типтерінің сұлбаларының технологиялық ерекшеліктері және оларды практикада өңдеу мысалдары қарастырылды.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты пайдалы қазбаларды байытудың заманауи технологиялық процестерін, тиімді байыту және химиялық-металлургиялық әдістерді (қиын байытылатын кендер үшін) үйлестіретін құрамдастырылған технологияларды игеру болады
Міндет
  • Теориялық білімді бекіту және кендердің негізгі түрлерін байытудың әртүрлі технологиялық сұлбаларын қолданумен минералды шикізатты өңдеу бойынша материалдарды білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Түсті, сирек, асыл, қара металдардың минералдары мен кендерінің, фосфатты, силикатты, графитті және басқа да кен түрлері мен минералды шикізаттың негізгі минералогиялық және технологиялық ерекшеліктерін; металл емес пайдалы қазбаларды және түсті металдар кендерін байытудың технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Әртүрлі пайдалы қазбалар үшін байытудың технологиялық сұлбасын, байыту тәсілдерін негіздеуді және таңдауды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Түсті металдар кендерін және металл емес пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық сұлбасын негіздеу және ұсыну дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жаттанды материалды қысқаша айтып беру қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихандарды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Дәріс 1 Көмір технологиясы. Көмірдің жіктелуі. Көмірді байыту
  • Дәріс 2 Графит кендерін байыту
  • Дәріс 3 Хромит кендерін байыту
  • Дәріс 4 Марганец кен орындарының кендерінің түрлері. Марганецті байыту әдістері
  • Дәріс 5 Темір кендерінің түрлері. Темір кендерін байыту
  • Дәріс 6 Алтын кендерінің жіктелуі. Алтынды шашыранды кендерден, құрамында алтын бар құмдардан және байырғы кендерден алу әдістері
  • Дәріс 7 Апатит пен фосфориттерді байыту
  • Дәріс 8 Барит кендерін байыту
  • Дәріс 9 Түсті металдар кендерін байытуға дайындау ерекшеліктері
  • Дәріс 10 Минералды шикізаттың негізгі типтерін алдын ала байытудың технологиялық сұлбалары
  • Дәріс 11 Мыс сульфидті кендерін байыту сұлбалары
  • Дәріс 12 Аралас және тотыққан кендерді байыту технологиясы
  • Дәріс 13 Молибден және мыс-молибден кендері. Бөліп алу сұлбалары мен режимдері
  • Дәріс 14 Қорғасын және полиметалл кендері. Флотациялау сұлбалары мен режимдері
  • Дәріс 15 Мыс-мырыш кендері. Байыту сұлбалары
Негізгі әдебиет
  • 1. Абрамов А. А. Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых/А.А. Абрамов .- М.: Изд-во Моск.гос.горн.ун-та, 2004 т.2- 510с. 2. Технология обогащения полезных ископаемых. Конспект лекций. – Красноярск. СФУ, 2011 – 372с. 3. Алгебраистова Н.К. Технология обогащения руд цветных металлов.-Электронный ресурс: конспект лекций/Н.К.Алгебраистова, А.А.Кондратьева –электрон. Данные (5Мб)- Красноярск: ИПК СФУ, 2009 – 282с.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Богданов О.С. Справочник по обогащению руд. Обогатительные фабрики. Ч.3 – М.: Недра, 1984 – 358с. 5. Еремин Н.И. Неметаллические полезные ископаемые. /Н.И.Еремин. М.: МГУ, 2004 6. Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых. Обогатительные процессы. /В.М. Авдохин. М.: МГУ, 2006 т.1 -352с. 7. Бочаров В.А., Игнаткина В.А. Технология обогащения полезных ископаемых. Т.1.: Минерально сырьевая база полезных ископаемых. Обогащение руд цветных металлов, руд и россыпей редких металлов. – М.: Издательский дом «Руда и Металлы», 2007. -472с.