Обезвоживание и пылеулавливание

Сипаттама: Байыту өнімдерін құрғату және реализациялау әдістері туралы жалпы ақпарат. Байытылған өнімдерді құрғатуға арналған жабдықтың негізгі түрлері. Байыту қондырғысында шаңды жинау және қабылдау желдеткіші туралы жалпы ақпарат. Осы процестер үшін қолданылатын конструкциялар, техникалық сипаттамалар, есептеу әдістері және жабдықтардың жұмыс сипаттамалары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Байыту фабрикаларында байыту өнімдерін сусыздандыру және шаңұстау процестерінің теориясын меңгеру. Осы процестер үшін қолданылатын жабдықтар мен аппараттардың құрылмалары
Міндет
  • Тәжірибелік қызметте сусыздандыру сұлбаларын таңдауда қажетті теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Байыту өнімдерін сусыздандыру және шаңұстау саласындағы теориялық білімді бекіту, сусыздандыру әдістерін, сусыздандыру өнімдерінің рұқсат етілген ылғалдылығын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кеннің заттық құрамы мен басқа қасиеттеріне байланысты байыту өнімдерін сусыздандыру әдісін, байыту өнімдерінде қаттының мөлшеріне байланысты сусыздандыру сұлбасын таңдай білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Соңғы өнімдердің ылғалдылығына қойылатын талаптарды ескерумен, байыту өнімдерін сусыздандыру бойынша негізгі технологиялық параметрлерді есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Жалпы мәліметтер. Ылғалдың түрлері, оның қатты затпен байланысы және сусыздандыру шектері
  • 2 тақырып. Байыту өнімдерін сусыздандыру әдістерінің жіктелуі. Сусызданудың негізгі сұлбалары
  • 3 тақырып. Кесекті және ірі түйіршікті материалдарды сусыздандыру. Дренирлеу. Дренирлеу процестерін қарқындату
  • 4 тақырып. Ортадан тепкіш аппараттарда ұсақ түйіршікті материалдарды сусыздандыру. Центрифугалаудың теориялық негіздері. Центрифугалардың жіктелуі
  • 5 тақырып. Майда түйіршікті және шламды материалдарды қойылдыру. Қойылдырудың теориялық негіздері. Цилиндрлік қойылдырғыштарда қойылдыру
  • 6 тақырып. Гидроциклондарда және басқа қойылдырғыштарда қойылдыру. Қойылдыру процестерін қарқындату
  • 7 тақырып. Сүзу. Сүзудің теориялық негіздері. Сүзгіш маталардың негізгі түрлері
  • 8 тақырып. Вакуум-сүзгілерде сүзу. Қысыммен жұмыс істейтін сүзгілер
  • 9 тақырып. Термиялық кептіру. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Кептіру процесі
  • 10 тақырып. Кептіру қондырғылары. Кептіргіштердің құрылмалары. Оттықтар
  • 11 тақырып. Шаңайыру және шаңұстау. Шаңды бөлу бойынша жалпы мәліметтер. Ортадан тепкіш шаңсыздандырғыштар
  • 12 тақырып. Циклондарда шаңұстау. Циклондар жұмысының теориялық негіздері. Циклондардың әртүрлі түрлерінің құрылмалары
  • 13 тақырып. Сулы шаңұстағыштар. Жалпы мәліметтер. Сулы шаңұстағыштардың құрылмалары
  • 14 тақырып. Сүзгілер. Жалпы мәліметтер. Сүзгілердің құрылмалары. Сүзгілерге арналған маталар және олардың қалпына келуі
  • 15 тақырып. Электрсүзгілер. Электрсүзгілердің жіктелуі. Ауаны тазалауға арналған сұлбалар. Байыту фабрикаларында шаңмен күрес
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Сусыздандыратын элеваторлар мен бункерлердің жұмысын зерттеу
  • Қойыртпақтарды қойылдыруға арналған аппараттардың жұмысын зерттеу
  • Қойыртпақты қойылдыруын және шламды суларды тұндыруын зерттеу
  • Коагулянттар мен флокулянттардың әсерімен шламды суларды тұндыру
  • Кептіру қондырғыларының жылу есептеулері
  • Жеңдік сүзгілердің жұмысын зерттеу
Негізгі әдебиет
  • 1. Руденко К.Г., Шемаханов М.М. Обезвоживание и пылеулавливание. Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп. - М., Недра, 1981. 2. Фридман С.Э., Щербаков О.К., Комлев А.М. Обезвоживание продуктов обогащения. - М., Недра, 1988. 3. Справочник по обогащению руд. Специальные и вспомогательные процессы. 2-е изд., перераб. и доп. - М., Недра, 1983. 4. Процессы и оборудование для обезвоживания руд./Ю.С. Гольдберг, А.А. Гонтаренко и др. - М., Недра , 1977.
Қосымша әдебиеттер
  • 5. Батаганов А.П. Водовоздушное хозяйство обогатительных фабрик. - М., Недра, 1977. 6. Интенсификация процессов обезвоживания /В.С. Каминский, М.Б. Барбин, Л.Ф. Долина и др. - М., Недра,1982. 7. Руденко К.Г., Калмыков А.В. Обеспылевание и пылеулавливание при обработке полезных ископаемых. - М., Недра, 1973