Проектирование обогатительных фабрик

Сипаттама: Мұнда технологиялық схемалар мен жабдықтарды таңдау, есептеу техникалары мен бөлімшелердің жұмыс режимдері, өңдеу және байыту фабрикаларының күнделікті және сағаттық өнімділігін есептеу әдістемесі, кәсіпорынның негізгі және қосалқы материалдарға, энергия тасымалдаушыларға қажеттілігін анықтау және байыту фабрикаларын салу үшін өнеркәсіптік алаңды таңдау.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Байыту фабрикасын жобалау, жабдықтарды орналастыру бойынша негізгі ережелерді игеру, технологиялық сұлбаларды есептеу және жабдықты таңдау
Міндет
  • Технологиялық процестер мен жабдықтарды әзірлеу және пайдалану кезінде алынған білімді сауатты пайдалану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Байыту фабрикаларын жобалауға арналған алаңдарды таңдау ерекшеліктерін білу. Пайдалы қазбалардың минералогиялық және басқа да сипаттамаларының ерекшеліктерін ескерумен байытудың технологиялық сұлбасын, жабдықты құрастыруды негіздеу және таңдау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобаланатын байыту фабрикасына арналған байыту процестерінің сапалық-санды және сулы-шламды сұлбаларын есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Байыту фабрикаларын жобалау кезінде пайдалы қазбаларды байыту саласындағы іргелі және жаңа жетістіктерді пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Минералды шикізатты байыту саласында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихандарды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Дәріс 1 Байыту фабрикасы жобасының мазмұны мен көлемі. Жобалауды ұйымдастыру және тәртібі. Байыту фабрикаларының жіктелуі
  • Дәріс 2 Ұсату сұлбасын таңдау. Ұсату сұлбасын есептеу
  • Дәріс 3 Ұнтақтау сұлбалары. Ұнтақтау сұлбаларын есептеу. Ұнтақтау сұлбаларында сұрыптау операциялары
  • Дәріс 4 Флотация сұлбалары. Флотацияның сандық сұлбаларын есептеу
  • Дәріс 5 Жабдықты таңдаудың және технологиялық есептеудің жалпы қағидалары. Ұсату және елеу үшін жабдықтарды таңдау және есептеу
  • Дәріс 6 Ұнтақтау және сұрыптау үшін жабдықтарды таңдау және есептеу
  • Дәріс 7 Гравитациялық процестермен байыту үшін жабдықтарды таңдау және есептеу
  • Дәріс 8 Шаю және флотациялау үшін жабдықтарды таңдау және есептеу
  • Дәріс 9 Магниттік байыту әдістері үшін жабдықтарды таңдау және есептеу
  • Дәріс 10 Сусыздандыру және шаңұстау үшін жабдықтарды таңдау және есептеу
  • Дәріс 11 Байыту фабрикаларының құрамы және бас жоспарларды жобалау қағидалары. Фабриканы салу үшін алаңшаны таңдау
  • Дәріс 12 Жабдықты құрастырудың негізгі сұлбалары. Қалдық шаруашылығы, айналмалы сумен жабдықтау және жерді қалпына келтіру
  • Дәріс 13 Құрастырудың жалпы қағидалары. Қабылдау құрылғылары, ұсату цехтары
  • Дәріс 14 Флотациялық фабрикалардың бас корпустары. Магниттік байыту цехтары
  • Дәріс 15 Гравитациялық фабрикалар. Қойылдыру, сүзу, кептіру цехтары. Қосалқы қызметтер
Негізгі әдебиет
  • 1. Разумов К.А. Проектирование обогатительных фабрик. Учебник для вузов. 4-е изд., - М., Недра, 1982. 2. Тихонов О.Н. Справочник по проектированию рудных обогатительных фабрик, Кн. 1,2 - М., Недра, 1988. 3. Морозов Ю.П. Проектирование обогатительных фабрик: учебник, кн. 1 - Екатеринбург, УГГУ, 2009
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Гл. ред. О.С.Богданов. Т. 1. Подготовительные процессы. - М., Недра, 1974. 5.Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 2. Основные и вспомогательные процессы, ч. 1 Основные процессы. - М., Недра, 1974 6. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 2. Основные и вспомогательные процессы, испытания обогатимости, контроль и автоматика. - М., Недра, 1974. 7. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 3. Обогатительные фабрики. - М., Недра, 1974.