Флотационные методы обогащения

Сипаттама: Флотациялық байытудың теориялық негіздерін қамтиды. Флотациялық процесс технологиясының ерекшеліктері және флотациялық реагенттер, олардың минералдармен өзара әрекеттесу механизмі, сондай-ақ флотациялық машиналардың конструкциясы қарастырылған. Пайдалы қазбалардың жекелеген типтерін флотациялау схемалары мен режимдері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты флотациялық байыту әдісінің теориялық заңдылықтарын, процестің физикалық-химиялық ерекшеліктерін, флотациялық сұлбалар мен негізгі жабдықты есептеуді меңгеру болады
Міндет
  • Теориялық білімді бекіту, пайдалы қазбаларды байытудың түрлі флотациялық процестерін қолдану ерекшеліктеріне үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Флотациялық процестің физикалық-химиялық ерекшеліктерін, флотациялық реагенттердің минералдардың бетімен әрекеттесу механизмін, кендердің түрлі типтерін флотациялаудың технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Байытудың технологиялық флотациялық сұлбасын, флотацияның оңтайлы реагенттік режимін таңдауды және негіздеуді, процестің негізгі технологиялық көрсеткіштерін есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алынған білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жаттанды материалды қысқаша айтып беру қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихандарды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Флотация процесінің даму тарихы. Флотациялық қойыртпақтың құрамы. Флотация процесін сәтті жүргізу шарттары
  • 2 тақырып. Флотация түрлері. Көбікті флотация процесінің мәні
  • 3 тақырып. Минералдардың сулану дәрежесі. Адгезия жұмысы. Шеттік сулану бұрышы
  • 4 тақырып. Қойыртпақтың ионды құрамы. Минералдардың суда еру шарттары. Еріген газдардың флотацияға әсері
  • 5 тақырып. Минералдардың қойыртпақтың сұйық фазасымен өзара әрекеттесуі кезінде қос электр қабатының пайда болуы
  • 6 тақырып. Флотациялық реагенттердің жіктелуі. Жинағыш молекулаларының құрылысы. Полярлық және аполярлық жинағыштар
  • 7 тақырып. Флотациялық реагенттер (көбіктендіргіштер, ортаны реттегіштер, активтендіргіштер)
  • 8 тақырып. Флотациялық машиналар және олардың жіктелуі. Механикалық флотациялық машинаның құрылғысы
  • 9 тақырып. Пневмомеханикалық және пневматикалық типті флотациялық машиналар
  • 10 тақырып. Флотомашиналарды есептеу. Қосалқы флотациялық жабдық
  • 11 тақырып. Флотациялық процестің технологиясы
  • 12 тақырып. Флотациялау сұлбалары. Флотациялау сұлбаларының жіктелуі
  • 13 тақырып. Сульфидті кендерді флотациялау
  • 14 тақырып. Мыс, мыс-пиритті, мыс-мырыш кендерін флотациялау
  • 15 тақырып. Қорғасын және қорғасын-мырыш кендерін флотациялау
Негізгі әдебиет
  • 1. Абрамов А.А. Флотационные методы обогащения. - М., "Горная книга", 2008. 2. Разумов К.А. Флотационные методы обогащения. Конспект лекций. - Л.,ЛГИ, 1975. 3. Глембоцкий В.А., Классен В.И. Флотационные методы обогащения. - М., Недра, 1981 4. Баденикова Г.А. Флотационные методы обогащения. Конспект лекций для студентов спец-сти "Обогащение полезных ископаемых" - библ. ИрГТУ, 2011.
Қосымша әдебиеттер
  • 5. Полькин С.И., Адамов Э.В. Обогащение руд цветных металлов. - М., Недра, 1983. 6. Справочник по обогащению руд. Основные процессы /Ред.колл. О.С. Богданов. - М., Недра, 1983. 7. Шубоов Л.Я. Флотационные реагенты в процессах обогащения минерального сырья. Кн.1 - М., Недра, 1990. 8. Шубов Л.Я. Флотационные реагенты в процессах обогащения минерального сырья. Кн.2 - М., Недра, 1990.