Хвостовое хозяйство обогатительных фабрик

Сипаттама: Байыту фабрикасының технологиялық ағыстары туралы жалпы мәліметтер. қалдық қоймалардың негізгі түрлері зерттеледі. Байыту фабрикаларының үйінді қалдықтарының сипаттамасы бар. Қалдық қоймаларының құрылыстары мен қондырғылары кешені, қалдықтарды тасымалдау тәсілдері, сондай-ақ қалдық қоймаларын толтыру тәсілдері мен түрлері қаралды. Айналмалы сумен жабдықтауға және бүлінген жерлерді қалпына келтіруге назар аударылды.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты байыту фабрикасының технологиялық ағындары туралы мәліметтерді; қалдық сақтау қоймаларының негізгі типтерін; қалдықтарды сулы және құрғақ тасымалдау және салу жүйелерінің құрылыстарын, су қабылдау, тұнған суды ағызу, ағын суларды тазарту және байыту фабрикасында тұнған суды қайтару жүйелерін; қалдық шаруашылығының технологиялық процестерінің негізгі жабдықтарын оқып білу болады
Міндет
  • Сұйық және құрғақ қалдықтарды апатсыз сақтауды қамтамасыз етумен жинау, ағын суларды залалсыздандыру, фабрика пайдаланған суларды тиімді пайдалану және байыту қалдықтарының қоршаған ортаға экологиялық әсерін төмендету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қажетті теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Байыту қалдықтарын жинау және сусыздандыру процестерін жетілдіру мақсаттары мен міндеттерін, байыту процестерінің қалдықтарын жинау және сусыздандыру үшін сұлбалар мен жабдықтардың есептерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қалдық сақтау қойманың түрін, гидравликалық тасымалдау жүйесін және қалдықтарды салу тәсілін; толық су айналымын пайдалану мүмкіндігін, ағын суларды тазарту тәсілін негіздеуді және таңдауды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қалдық сақтау қоймаларының, байыту фабрикасының қалдықтарын тасымалдау және салу жүйелерінің, су қабылдаудың, тұнған суды ағызудың, ағын суларды тазартудың жүйелерінің негізгі технологиялық параметрлерін есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Емтихандарды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Қалдық шаруашылығы. Жалпы мәліметтер. Қалдықтардың сипаттамасы
  • 2 тақырып. Қалдық сақтау қойманың астына алаңды таңдау. Қалдық сақтау қоймаларының түрлері
  • 3 тақырып. Қалдық сақтау қоймаларын толтыру тәсілдері
  • 4 тақырып. Қалдықтарды гидравликалық тасымалдау жүйелері. Қалдық өткізгіштер
  • 5 тақырып. Үйілген бөгеттер және тұндыру су тоғандары
  • 6 тақырып. Бөгеттерді шаю тәсілдері. Су қабылдау және суқашыртқы құрылыстары
  • 7 тақырып. Айналымды сумен қамтамасыз етудің сорғы станциялары. Құрғақ және сусыздандырылған қалдықтарды үйінділерге салу
  • 8 тақырып. Қалдық сақтау қоймаларын пайдалану
  • 9 тақырып. Аздырылған жерлерді қалпына келтіру. Қалпына келтірудің бағыттары. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
  • 10 тақырып. Ағын суларды тазарту. Табиғи сулардың сипаттамасы. Байыту фабрикаларының ағын суларының құрамы
  • 11 тақырып. Коагуляция және флокуляция. Ағын суларды экстракциялық тазалау. Ағын суларды сорбциялық тазалау
  • 12 тақырып. Ағын суларды механикалық тазалау. Бейтараптандыру. Ағын суларды металл катиондарынан тазалау
  • 13 тақырып. Ағын суларды ионалмасулық тазалау. Ағын суларды флотациялық тазалау. Ағын суларды биохимиялық тазалау
  • 14 тақырып. Ағын суларды залалсыздандыру. Қалдық сақтау қоймаларында ағын суларды табиғи тазалау
  • 15 тақырып. Байыту фабрикаларының айналымды сумен қамтамасыз етуі
Негізгі әдебиет
  • 1 Евдокимов П.Д. Проектирование и эксплуатация хвостовых хозяйств ОФ, М., Госгортехиздат, 1960. 2 Чуянов Г.Г. Обезвоживание, пылеулавливание и охрана окружающей среды, М., Недра, 1987-264 с. 3 Чуянов Г.Г. Хвостохранилища и очистка сточных вод, Екатеринбург, УГТУ, 1998-246 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 4 Разумов К.А. Проектирование обогатительных фабрик. учебник, 3-е изд. Москва: Недра, 1970-591 с. 5 Тихонов О.Н. Справочник по проектированию рудных обогатительных фабрик, Кн.1.2, Москва: Недра, 1988-665 с. 6 Авдохин В.М. Основы обогащения полезных ископаемых, М., МГГУ, 2006-404 с. 7 Морозов Ю.П. Проектирование обогатительных фабрик: учебник, Кн.1 / Ю.П. Морозов, Екатеринбург: УГГУ, 2009-238 с.