Исследование минерального сырья на обогатимость

Сипаттама: Байыту фабрикаларына келіп түсетін әртүрлі кендердің технологиялық ерекшеліктерін зерттеу бойынша материалдар бар. Түрлі әдістермен кенді байытуға арналған зертханалық зерттеу әдістемелері, сондай-ақ флотациялық реагенттерді талдау және іріктеу баяндалған. Технологиялық схемалар мен байыту аппараттарын сынау қарастырылды.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кен орындарын өнеркәсіптік игеру кезеңдері туралы; кеннің элементтік және минералогиялық құрамын, минералды бөлшектердің қасиеттерін, өнімдердің фракциялық сипаттамаларын, аспаптар мен сұлбалардың технологиялық сипаттамаларын зерттеу әдістері туралы; пайдалы қазбаларды байытылғыштыққа зерттеу кезеңдері туралы білімді қалыптастыру және бекіту
Міндет
  • Тәжірибеде қолданылатын кен құрамын, минералды бөлшектердің қасиеттерін зерттеу әдістерін меңгеру, пайдалы қазбалардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, байыту әдісін таңдау туралы білімді қалыптастыру, кенді байытылғыштыққа зерттеудің технологиялық режимдері мен сұлбаларын талдау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кеннің заттық, химиялық, минералогиялық және гранулометриялық құрамын зерттеу әдістерін, минералдық шикізатты барлық процестер бойынша байытылғыштыққа зерттеудің негізгі тәсілдерін (ұсату, ұнтақтау, механикалық, гидрометаллургиялық және пирометаллургиялық байыту); байыту жабдығының құрылымын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кеннің құрамын біле, өңдеудің оңтайлы технологиясын ұсыну; технологиялық процестерді әзірлеу; тәуекелдерді бағалау және әзірленетін және қолданылатын техника мен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтау; оңтайлы технологиялық сұлбаны жобалау және байыту фабрикасы жұмысының оңтайлы көрсеткіштерін болжау білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алынған теориялық білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу дағдыларын меңгеру. Осы пайдалы қазбаға қатысты байытудың түрлі әдістері мен процестерін қолданудың технологиялық тиімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Минералды шикізатты байыту саласында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Кіріспе. Кендер мен байыту өнімдерінің физикалық-механикалық қасиеттері
  • 2 тақырып. Технологиялық сынама. Кен қорлары және олардың технологиялық негіздемесі
  • 3 тақырып. Технологиялық сынамалар. Технологиялық сынамалардың сапасына қойылатын талаптар
  • 4 тақырып. Гранулометриялық құрам. Анықтау әдістері. Кен құрылымы
  • 5 тақырып. Кен құрылымы. Кеннің элементтік құрамы
  • 6 тақырып. Кеннің минералды құрамы. Минералды құрамды зерттеу әдістері
  • 7 тақырып. Кендер мен байыту өнімдерінің физикалық-механикалық қасиеттері
  • 8 тақырып. Бөлшектердің бөлу белгілері. Бөлу белгілерінің өзгеруі (ірілігі, тығыздығы, сыртқы меншікті беті, магниттік қабылдағыштығы, флотациялануы, ерігіштігі)
  • 9 тақырып. Функционалдық сипаттамалары. Шекті функционалдық сипаттамалар. Ірілігі бойынша фракциялау
  • 10 тақырып. Байыту аппараттары мен сұлбаларының мүмкіндіктері немесе сепарациялық сипаттамалары (бөлу қисықтары)
  • 11 тақырып. Байыту сұлбаларының жалпы құрылымы. Іріліктің машиналық кластары. Кенді ашу сипаттамаларының және байыту сұлбаларының нұсқалары
  • 12 тақырып. Байытудың жекелеген технологиялық операцияларын сынау. Бөлудің гравитациялық әдістерін сынау. Бөлудің магниттік әдістерін сынау
  • 13 тақырып. Флотациямен сынау. Шаюмен сынау. Ерітінділеу
  • 14 тақырып. Технологиялық сұлбаларды сынау. Сынау түрлері. Технологиялық сынаулардың ерекшеліктері
  • 15 тақырып. Технологиялық сынаулардың нұсқаларын құру. Сұлбаларды қалыптастырудың жалпы қағидалары
Негізгі әдебиет
  • 1 Митрофанов С.И., Исследование полезных ископаемых на обогатимость / Л.А. Барский, В.Д. Самыгин - М.: Недра, 1974. 2 Козин В.З. Исследование руд на обогатимость. Уч. пособие. Урал. гос. горный ун-т – Екатеринбург: Изд.-во УГГУ, 2008. 3 Тихонов О.Н. Теория разделения минералов. СПГГИ, 2008. 4 Леонов С. Б., Белькова О. Н.. Исследование полезных ископаемых на обогатимость: учеб. пособие / М.: Интермет инжиниринг, 2001. 5 Тихонов О.Н., Назаров Ю.П. Теория и практика комплексной переработки минерального сырья в странах Африки, Азии и Латинской Америки. Недра, М. 1988 г.
Қосымша әдебиеттер
  • 6 Фоменко, Т.Г. Исследование углей на обогатимость / В.С. Бутовецкий, Е.М. Погарцева Исследование углей на обогатимость. - М.: Недра, 1978. 7 Тихонов О. Н. Теоретические основы сепарационных процессов обогащения полезных ископаемых. Л., ЛГИ, 1978, 98 с. 8 Тихонов О. Н. Закономерности эффективного разделения минералов в процессах обогащения полезных ископаемых. М., Недра, 1984., 200 с. 9 Белоглазов И.Л., Тихонов О.Н., Хайдов В.В. Методы расчета обогатительно-гидрометаллургических аппаратов и комбинированных схем. М. Металлургия. 1995, 300 с.