Фотограмметрия

Сипаттама: Курс аэрофототүсіру процесінің технологиясын, суреттің геометриялық және физикалық қасиеттерін, жеке сурет теориясын, суреттердің жұбының теориясын, сандық суреттердің фотограмметриялық өңдеу ерекшеліктерін зерделеуді қарастырады, сондай - ақ геодезия, картография және басқа да қызмет салаларының міндеттерін шешу үшін аэро- және ғарыштық түсіріс материалдарын қолданбалы пайдалануды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • болашақ мамандары негізгі теориялық және практикалық білімдері фотограмметриялық негізгі түрлеріне, олардың бағалау әдісін және алынған материалдың сапасын анализдеуге, карта мен пландардың корректировкасын орындауға, сонымен қатар әр түрлі инженерлік шешімдерді шешуге, әр түрлі масштабта карта мен пландарды құруда және фотограмметриялық тірек торабын жиілетуді оқыту.
Міндет
  • топографо-геодезиялық өндірісінде өндірістік-техникалық және жобалық есептерді шешу үшін студенттерді дайындау;
  • жергілікті жердің стереомоделі бойынша план мен карталарды құру мен жаңарту кезінде заманауи фотограмметриялық аспаптармен жұмыс істеу, сонымен қатар жерүстелік және аэроғарыштық суреттер бойынша нүктелердің координаталары мен биіктіктерін анықтау мен өлшеу дағдыға ие болу;
  • кәсіптік ортада жұмыс істеу үшін әлеуметтік жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Фотограмметриялық өлшеулер үшін қолданылатын фотограмметриялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі фотограмметриялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі фотограмметриялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Фотограмметриялық аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары, компьютерлік технологияларды қолданып фотограмметриялық жұмыстарды орындау дағдылары.
Негізгі әдебиет
  • Назаров А.С. Фотограмметрия. - М.: ТетраСистемс, 2010
  • Обиралов А.И., Лимонов А.Н., Гаврилова Л.А. Фотограмметрия. – М.: КолосС, 2006
  • Лабутина И.А. Дешифрирование аэрокосмических снимков - М.: Аспект Пресс, 2004
  • Обиралов А.И., Лимонов А.Н., Гаврилова Л.А. Фотограмметрия и дистанционное зондирование. - М.: КолосС, 2006