Геодезические наблюдения за движениями земной коры

Сипаттама: Курс жер қыртысының қозғалыстарын геодезиялық бақылау әдістері мен құралдарын, геодинамикалық полигондарды, GPS-жүйелерді, жерсеріктік GPS координаталар жүйесін, геодинамикалық полигондарда жерсеріктік өлшеулерді орындау әдістемесін, анықтау дәлдігін және оны жоғарылату жолдарын, нивелирлеу нәтижелері бойынша жер қыртысының тік қозғалыстарын зерттеуді қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Табиғи және техногенді себептерімен пайда болған ірі инженерлік құрылыстардың деформацияларын және жер қыртысының жылжуын геодезиялық бақылау әдістерін оқу.
Міндет
  • Жер қыртысының жылжуын бақылау кезіндегі геодезиялық жұмыстардың технологиясын және құрамын білу.
  • Геодезиялық өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізуді білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер және олардың нәтижелерін математикалық өңдеу үшін қолданылатын геодезиялық аспаптары мен ақпаратты автоматты өңдеу құралдарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде жер қыртысының жылжуын геодезиялық бақылау туралы білімді қолдану қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі.
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
  • Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға даярлығы.
Негізгі әдебиет
  • Середович В.А. и др. Идентификация движений и напряженно-деформированного состояния самоорганизующихся геодинамических систем по комплексным геодезическим и геофизическим наблюдениям: Монография/ Середович В.А., Панкрушин В.К., Кузнецов Ю.И., Мазуров Б.Т., Ловягин В.Ф.; Под общ. Ред. В.К. Панкрушина; СГГА. – Новосибирск, 2004
  • Антонович К.М. Использование спутниковых радионавигационных систем в геодезии. Т1. Монография/ К.М. Антонович; ГОУ ВПО «Сибирская геодезическая академия». – М.: ФГПУ «Картгеоцентр», 2005
  • Мазуров Б.Т. Математическое моделирование по геодезическим данным: учеб. пособие. – Новосибирск: СГГА, 2013
  • Садов А.В. Аэрокосмические методы в инженерной геодинамике. – М.: Недра, 1988
  • Журналы "Геодезия и картография", "Геопрофи", "Известия высших учебных заведений. Раздел: Геодезия и аэрофотосъемка"