Жерді зоналаудың дистанционды әдістері

Капасов Азамат Кайсарович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи әдістерін, дешифрлеу технологиялары мен әдістерін, қолданбалы есептерді шешуде ғарыштық суреттерді пайдаланудың негізгі бағыттарын зерттеуге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Серіктік технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи әдістерін, дешифрлеу технологиялары мен әдістерін, қолданбалы есептерді шешуде ғарыштық суреттерді пайдаланудың негізгі бағыттарын зерттеу.
Міндет
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи әдістерінің негізгі принциптерін зерттеу;
  • аэро- және ғарыштық суреттерді дешифрлеу технологиясы мен әдістерін зерттеу;
  • қолданбалы есептерді шешуде ғарыштық суреттерді пайдаланудың негізгі бағыттарын зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын ғарыштық геодезияның техникалық құралдарын, геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде түсірістің аэроғарыштық әдістері туралы білімді қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • заманауи фотограмметриялық құралмен, ғарыштық түсіріс мәліметтерін өндеу кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практикалық сабақ 0-100
Практикалық сабақ
Практикалық сабақ
Дәрістер бойынша тапсырма
Бақылау жұмысы
2  рейтинг Практикалық сабақ 0-100
Практикалық сабақ
Практикалық сабақ
Дәрістер бойынша тапсырма
Бақылау жұмысы
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қашықтықтан түсіру әдістеріне кіріспе
  • Қашықтықтан зондтаудың физикалық негіздері
  • Жерді қашықтықтан зондтау әдістері мен деректері
  • Аэро-және ғарыштық түсірістердің материалдарын дешифрлеу принциптері
  • Қашықтықтан әдістермен жер мониторингі
  • Ұшқышсыз ұшу аппараттары
  • Қолданбалы мәселелерді шешу үшін ЖҚЗ қолданудың қазіргі жағдайы мен болашағы
Негізгі әдебиет
  • Зотов Р.В. Аэрогеодезия. Омск: СибАДИ, 2012
  • Воробьева А.А. Дистанционное зондирование Земли. Спб.: НИУ ИТМО, 2012
  • Шовенгердт Р.А. Дистанционное зондирование. Методы и модели обработки изображений. - М.: Техносфера, 2013
  • Боголюбова А.А., Корнилов Ю.Н. Аэрокосмические съемки. СПб.: 2016.
Қосымша әдебиеттер
  • Инструкция по фотограмметрическим работам при создании цифровых топографических карт и планов Текст. М.: ЦНИИГАиК, 2003
  • Кашкин В.Б., Сухинин А.И. Дистанционное зондирование Земли из космоса. Цифровая обработка изображений: учебное пособие. М.: Логос, 2001
  • Красильников Н.Н. Цифровая обработка 2D- и 3D-изображений. СПб.: БХВ Петербург, 2011
  • Назаров А.С. Фотограмметрия. Минск: Террасистемс, 2010