Промышленная экология

Сипаттама: Ластаушы заттарды жеке, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс кешені бойынша жіктеу, ластаушы заттардың биосфераның әр түрлі компоненттеріне әсері, қолданыстағы өндірістердің қоршаған ортаға теріс салдарларының деңгейін төмендету жолдары мен әдістері бойынша теориялық және практикалық дағдыларды береді. Ластану деңгейінің нормативтік көрсеткіштерін, өнеркәсіптің әртүрлі салаларының техногенді әсерін, шаң бөлуді, электромагниттік ластану көздерін, қалдықсыз өндіріс тұжырымдамасын, өнеркәсіптік кәсіпорынның экологиялық паспортын қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Өндірістік өнеркәсіп орындарының қоршаған ортаға техногендік әсерінің теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру. Студенттерде негізгі ластаушы көздер, сандық бағалаудағы зиянды заттардың құрамы, өндірістік ресурстарды пайдаланудың негізгі бағыттарын оқытуды қалыптастыру болып табылады
Міндет
  • курстың теориялық көлемін окыту - студенттерге қоршаған ортаның экологиялық жағдайын, оның ішінде қоршаған ортаның, өнеркәсіптік шығарындылардың және көмілген өнеркәсіп қалдықтарының ықпалын диагностикалауға үйрету - нақты материалждарды сараптауға дағды мен білімді қалыптастыру - инженерлік шешімдер қабылдауға үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ойлау мәдениеті жоғары және дүнеиетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жалпы білім беретін және базалық цикл пәндерінің математика, жаратылыстану, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар саласында базалық білімі мен түсінігінің болуы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу және белгісіздіктер мен қауіп -қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу
Негізгі әдебиет
  • 1 Калыгин В.Г. Промышленная экология – М.: МНЭПУ, 2009 2 Голицын А.Н. Основы промышленной экологии – М.: ИПРО, 2010 3 Семенова И.В. Промышленная экология Учебник для студ. высш. учеб. заведений / И.В.Семенова. — М.: Издательский центр «Академия», 2009. — 528 с. 4 Медведев В.Т. (ред.) Инженерная экология Учебник. - М.: Гардарики, 2002. — 687 с. 5 Дорожко С., Малькевич Н., Морзак Г. Технические основы охраны окружающей среды. - Минск: БНТУ, 2012 г.- 1197с.