Экология Казахстана

Сипаттама: Биосфера тепе-теңдігін жан-жақты қарастыратын, оның бұзылу себептерін болжайтын, анықтайтын және тепе-теңдіктен ауытқудың қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы. Табиғат ресурстарын пайдаланудың жаңа жобалары жасалынып, оған экологиялық тұрғыдан сараптама жасалғанда ғана қоршаған орта – ауа, жер және судың пайдалануға жарамсыздануына жол берілмей, табиғи шикізаттарды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге болады. Экология және тұрақты даму әлем тұрғындарының қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, экологиялық даму моделі. Қазіргі тұрақты дамуда экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық кері салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламаудан туындайды.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • биосфера техногендік орта жүйесіндегі өзара әсерлесу заңдылықтарын зерттеу және табиғатты қорғау мәселелерін экологиялық тұрғыдан шешу жолдарын қалыптастыру болып табылады. Барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің жалпы экология негіздерін және ой-саналарын экологияландыру, табиғи ортаға жауапты сезімдерін тәрбиелеу. Биосфераның компоненттерінің бір-бірімен әрекеттері заңдылықтарын, адамның іс-әрекетінің салдарын, әсіресе табиғатты пайдаланудың үдеу жағдайында білу, қоғам мен биосфераның арақатынасындағы практикалық мәселелерді білу. Адам қоғамының оны қоршаған табиғи, әлеуметтік, өндірістік, экологиялық-гигиеналық факторларымен қарым-қатынасы заңдылықтарын айқындау; қоршаған ортаның адам қауымдастығына әсер ету барысында пайда болатын үрдістердің сипаты мен бағытын анықтау; солардың салдарының адам тіршілік әрекетіне әсер етуін бағалау.
Міндет
  • Ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуының табиғатқа кері әсерін тигізіп отырған бүгінгі таңда және келешек үшін студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру басты міндеттердің бірі. Экология және тұрақты даму міндеті – тірі табиғатты экологиялық жүйелер деңгейінде зерттеу. Болашақ маман иесін экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеуге, табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға, қалпына келтіруге бағытталған тәжірибелерге үйрету. Инновациялық бағытта ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • білуі және түсінуі керек: - ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың жіктелуі мен ерекшеліктерін; - бүкіл планетаның тұрақты дамуына антропогенді фактор ролі; - экожүйе мен биосфераның тұрақтылығы мен қызметінің механизмдерін білу; - экология және тұрақты даму курсында қолданылатын терминологияны, - табиғатты қорғау және рационалды пайдаланудың негізгі принциптері; - антропогенді қызмет әсерінің әлеуметтік-экологиялық салдары, тұрақты дамудың концепциясын, стратегиясын, мәселелерін, ғаламдық, аймақтық деңгейде шешудің жолдарын. Табиғатты қорғау қызметі саласында көзқарастарын, элементарлы дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - табиғи және антропогенді экологиялық үрдістерді, оларды реттеу жолдарын анықтау және талдау, адамзаттың тұрақты даму стратегиясында және қазіргі заманғы концепцияларда бағыт бағдар жасау алу, биосфераның тұрақтылығын сақтау мақсатында адамдардың өмір сүру салты мен шаруашылықтың дәстүрлі формаларын жоспарлы бағыт бағдарлы өзгерту. - қоршаған ортаға антропогенді әсерді бағлаудың есептерін шығару. - тірі ағзалар мен қоршаған орта өзара қарым қатынасының заңдылықтарын білуден алған білімдерін тұрақты дамуда іс жүзіндегі тәжірбиеге қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • тудент қазіргі заманғы ғаламдық және аймақтық экологиялық мәселелер туралы ақпараттарды біледі, меңгерген, экологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулер, тұрақты даму тәжірбиелерін меңгереді, экологиялық ақпаратты талдап, экологиялық жағдайды болжау алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Студенттерде өткір, күрделі экологиялық проблемаларды, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму проблемаларын кең кешенді, объективті, шығармашылық көзқарас қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық алған білімдерін кәсіби мамандық қызметтерінде қолдана алу. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жүйелердің ресурстарын тиімді пайдалану бойынша нақты міндеттерді шешу.
Негізгі әдебиет
  • 1. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева. Экология. Алматы.Экономика, 2002 2. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Саутбаева. Экология. Алматы, 2001 3. В.М.Гарин, И.А.Клёнова, В.И.Колесников. Экология для технических вузов. Феникс, 2001 4. Ж.Е.Дәрібаев, Ә.Б.Баешов, С.С.Сермаңызов. Экология. Астана. Дәнекер, 2005 5. Н.А.Нұрбаева, С.К.Мұқатаева. Экология пәнінен барлық мамандық студенттеріне практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау, 2004