Жаңартпашылық қызмет пен патенттану негіздері

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Инновациялық қызмет, зияткерлік меншікті қорғау негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру үшін кәсіби қызметте қажетті білім, дағды мен іскерлікті қалыптастырады. Ғылым әдіснамасы бойынша, патент ісі саласындағы заңнама мен нормативтерді пайдалану бойынша білім жүйесін береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Мамандыққа кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерді инновациялық және зерттеу жұмыстарына және патенттеуге теориялық және практикалық дайындау.
Міндет
  • Студенттерде ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншікті қорғау бойынша білім, дағды мен білік жүйесін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ғылым тарихы мен әдіснамасын, ғылыми-зерттеу қызметінің тәсілдерін, патенттік құқықты білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ғылыми-зерттеу процесін ұйымдастыруды, патенттік өтінімдерді ресімдеуді және беруді білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми-зерттеу процесі туралы жалпы, мақсаттар мен міндеттерді қоюдан, қорытындыларды қалыптастырғанға дейін түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • қоршаған ортаны қорғауда экологиялық-аналитикалық бақылау әдістері мен бағдарламаларын, бақылау құралдарын кәсіби тұрғыда қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүргізу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше табу және өңдеу қабілеті
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді:: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: ведущая (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - ізденіс-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе дәріс
  • Ғылым, ғылыми зерттеулер түсінігі мен мақсаттары
  • Әдістемелер мен әдістер түсінігі
  • Ғылыми таным әдістері
  • Зерттеу үрдісін іске асыру
  • Әдебиеттермен жұмыс істеу, негізгі идеялар мен концепцияларды талдау
  • Әдеби шолуды жазу әдістемесі
  • Зерттеу нысанын, пәнін, мақсаты мен міндеттерін анықтау
  • Аудиторияны зерттеу нәтижелерін ұсыну
  • Интеллектуалдық меншікті қорғау
  • Патент, құрылымы, рәсімделуі
  • Өнертабыстар формуласын құрастыру
  • Жаңартпашылық, оның анықтамасы, қасиеттері, функциялары мен жіктелуі
  • Қазақстандағы инновациялық қызмет
  • Инновациялық идеяларды жүзеге асыру
Негізгі әдебиет
  • 1. Болтян В. НИРСология, курс лекция, Чита, 2015 - 83 с. 2. Патентный закон Республики Казахстан. Закон Республики Казахстан от 16 июля 1999 года № 427.
Қосымша әдебиеттер
  • 3. ГОСТ 7.32-2001 Отчет о научно-исследовательской работе 4. Закон Республики Казахстан от 26 июля 1999 года N 456 О товарных знаках, знаках обслуживания и наименованиях мест происхождения товаров 5. Закон Республики Казахстан от 10 июня 1996 года № 6-I Об авторском праве и смежных правах 6. Закон Республики Казахстан от 13 июля 1999 года N 422-I Об охране селекционных достижений 7. Инструкция по составлению, оформлению и рассмотрению заявки на выдачу патента на изобретение