Ақпараттық модельдеуді қамтамасыз ету үшін міндеттерді басқару
Сипаттама: Кәсіпорын стандарттары. Кәсіпорынның BIM технологиясын жұмыс күйінде ұстау. BIM үйлестірушілерін дайындау. Кешенді құрылыс нысандары үшін федерацияланған модельдерді құру кезінде қақтығыстар мен сәйкессіздіктерді жою.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік және компьютерлік графика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | компьютерлік аудиторияда |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Құрылыста ақпараттық модельдеуді (BIM) қолданудың іргелі және қолданбалы мәселелерін талдау негізінде интеграцияланған жобалауға арналған ақпаратты жинау және жүйелеу негізінде дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- Бірыңғай дерекқорда қолжетімді объект туралы экономикалық, техникалық, конструкторлық ақпаратты ескере отырып, ақпараттық модельдеуге оқыту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- оқу процесінде қажетті ақпаратты табу, жинақтау және бағалау мүмкіндігі; оқылған материалды дұрыс ұсыну, тексеру, редакциялау қабілеті;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- алған білімдері мен дағдыларын жобаларды жасау мен іске асыруда қолдана білу;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- жобалау әдістемесін түсіну, алған білімі мен дағдыларын қазіргі білім беру деңгейінде өз бетінше қолдана білу;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ақпараттық модель негізіндег3 жоба бойынша топтық жұмысқа қатысу іскерлігі;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- алған білімдері мен дағдыларын жобаларды әзірлеу мен іске асыруда қолдана білу; жобалау әдістемесін түсіну, оны курстық, дипломдық жобалауда, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға дайын болу.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
| Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
|---|---|---|
| 1 рейтинг | Дәріс тақырыптары бойынша Реферат | 0-100 |
| Қоғамдық ғимараттың ақпараттық моделін құру | ||
| Терезе мен есік элементтерінің параметрлік тобын құру | ||
| 2 рейтинг | Білімді бақылау | 0-100 |
| Параметрлік панельдер тобын құру | ||
| презентация | ||
| Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
| Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
|---|---|---|---|---|
| Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
| И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
| 2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
| Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90-94 | |
| B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80-84 | |
| B- | 2.67 | 75-79 | |
| C+ | 2.33 | 70-74 | |
| C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60-64 | |
| D+ | 1.33 | 55-59 | |
| D | 1.0 | 50-54 | |
| FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- «Компьютерге дейінгі» жобалау технологияларының даму тарихындағы кейбір кезеңдер
- Автоматты жобалау жүйелері
- Ғимаратты ақпараттық моделдеудің негізгі анықтамасы
- Зерттеу және эксперимент жасау құралы
- BIM және ақпаратпен алмасу
- Жаңа құрылыс
- Параметрлік модельдеу - BIM негізі
- BIM-ді әлемдік тәжірибеде қолдану мысалдары
- BIM -ді енгізуге әсер ететін факторлар
- BIM ді стандарттау
- BIM және экологиялық тиімді жобалау
- Мамандарға қойылатын жаңа талаптар
- BIM технологиясын жүзеге асырушы бағдарламалар
Негізгі әдебиет
- Talapov V. V. Tekhnologiya BIM. Sut' i osobennosti vnedreniya informatsionnogo modelirovaniya zdanii. M: DMK-Press, 2015 g.
- Paramonova T.I. BIM-tekhnologii v proektirovanii. Chto eto takoe i v chem ikh preimushchestva // Tekhnika i tekhnologii.-2017.-№1., s.256.
- Tolstov E.V. Informatsionnye tekhnologii v REVIT. Bazovyi uroven': uchebno-metodicheskoe posobie Kazan': 2015. 91 c.
- Disko A.I. Issledovanie istorii razvitiya BIM-tekhnologii kak instrumenta kompleksnogo upravleniya investitsionnym proektom // BIM-modelirovanie Podgotovka spetsialistov, vladeyushchikh tekhnologiyami BIM v zadachakh stroitel'stva i arkhitektury: Materialy IV Mezhdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii. SPb.: SPbGASU, 2021
Қосымша әдебиеттер
- Vysotskii A.E., Makarov S.I. Otkrytyi BIM standart
- Bazhenov A.A. Perspektivy primeneniya BIM-tekhnologii v sovremennoi stroitel'noi otrasli. V sb.: BIM-modelirovanie v zadachakh stroitel'stva i arkhitektury. SPb.: SPbGASU, 2019.