Архитектура промышленных и гражданских зданий

Сипаттама: Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен кешендерді, олардың конструктивтік элементтерін, құрылыс конструкцияларының тораптарын сәулеттік-құрылыстық жобалау негіздері; қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың бас жоспарларын жоспарлау ұйымдастыру принциптері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге өндірістік ғимараттарды, имараттарды жобалауда және олардың элементтерінің көлемді-жоспарлау шешімдерімен өзара байланысты екенін үйрету; - қазіргі заманғы өндірістік ғимараттарды жобалауда негізгі принциптер және сәулеттік-конструктивті құрылым аумағында, олардың элементтерін, түйіндерін және бөлшектерін сәулеттің көркем жақтарымен және үздіксіз функционалды байланыстарымен және құрылыстың индустрианалдығын дамыту талаптарын ескере отырып білім беру. - оқыған материалдарды қолдана отырып, құрылыстық жобалауда заманауи инженерлік қондырғылар және әдістермен тәжірибелік тапсырмаларды шешуді таныстыру;
Міндет
  • Курстың тақырыбы – өндірістік ғимараттар мен имараттардың құрылысында және жобалауға байланысты экономикалық талаптарды сақтау барысында жоғары эстетикалық сапаларымен имараттарды, олардың кешендерін, ғимаратты тұрғызу және конструкцияларын жасау бойынша творчествалық есептердің шешімін, құрылымдық сұрақтарды, экономикалық, сәулеттік-көркемдік, функционалды (технологиялық) талаптарды зерттеу. Осы талаптарды ескере отырып бакалавр-құрылысшыға пәнді оқытудың келесі талаптары қарастырылды: - болашақ маманға заманауи ғылыми және техникалық білімдердің жүйесімен, көлемдік-жоспарлық шешімдерді сәйкестендіріп тұрғын және қоғамдық ғимараттарға және имараттарға материалдар мен формаларды таңдау мүмкіндіктерін үйрету; - студенттерді көлемдік-жоспармен құрылымдық шешімдер арасында өзара байланыс ұғымын үйрету керек; - алған білімдерін сәулеттік-құрылыс жобалау барысында құрылымдық-шығармашылық қызметте қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білу қажет: - өнеркәсіптік сәулет-құрылыс нысандарының тарихы және құрылыс техникаларының даму тенденциялары туралы; - әр-түрлі бағыттағы ғимараттардың және имараттардың сәулет-құрылыс жобалауындағы негіздер, оларда жүретін функционалдық үрдістер; - азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттар үшін негізгі заманауи құрылымдарды және ғимараттың элементтерін білу; - жеке ғимараттарды және олардың кешендерін, тұрғын мекендерді жайластыру және жобалау аумағындағы есептер туралы; - мекендеу ортасының физикалық параметрлеріне сәйкес ғылыми әдістерді жасау туралы; - ғимараттар мен имараттарды қайта құру туралы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Құрылыс нормалары және ережелерін негізге ала отырып әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік бағыттағы ғимараттардың өте ұтымды құрылымдық шешімдерін таңдау; - Өнеркәсіптік ғимаратты жобалауда, компьютерлік модельдеуді және сәулеттік-құрылыс жобалауда функционалды-технологиялық, физика-техникалық және эстетикалық принциптер негізінде, оның көтеруші және қоршау құрылымдарын таңдауды үйрену; - Ғимараттар мен имараттарды жобалау және тұрғызу кезінде нормативті және техникалық құжаттамаларды пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Көре білу: - негізгі ғылыми-техникалық мәселелердің жағдайын, құрылыстың дамуының өзара байланысы және болашағын, құрылыс материалдарымен құрылымдардың технологияларын, сонымен қатар ұқсас кәсіби қызметтер туралы; - материалтану көзқарасымен ғимараттар және имараттардың сенімділігі туралы; өндірістік ортада адамның тіршілігін ыңғайлы жағдаймен қамтамасыз етуде құрылыс материалдары, бұйымдар және құрылымдардың ролі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - Құрылыс индустриясындағы кәсіпорындарды, үймереттерді, ғимараттарды қайта құру және тұрғызу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін ұжымдарды сәтті басқару. - Жобалық-конструкторлық қызметтің түрі бойынша - инженерлік жүйелерді, ғимараттар мен үймереттерді қайта құруда және құрылыста жобалық-конструкторлық жұмыстарды орындау. - Муниципалды ұйымдарды және кәсіпорындарды, құрылысты, жобалық жұмыстарды басқару және ұйымдастыру. - Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу және жалпы білім беру мекемелерінде ғылыми-педогогикалық қызметті жүргізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік мәні және пайдалы екендігін түсіну, кәсіби қалыптасқан қызығушылыққа ие болу, кәсіби қызмет аумағында негізгі проблемалармен таныс болуы қажет, өзінің істеген жұмысының нәтижелеріне кәсіби тұрғыда жауап беруді игеру; - заманауи технологияларды қолдана отырып жаңа білімді алуды үйрену, өзінің шамасына сараптама бере отырып, жиған тәжірибесін жоғары бағалап әлеуметтік тәжірибенің өзгерісіне және техниканың даму жағдайына бейімделе білу; - өзінің кәсіби қызметінде, қолданатын сферасында информацияларды жинақтауда және сақтауда, өңдеуде компьютерлік әдістерді игере білу; - танымалды алгоритмнің шешімдерімен кәсіби функцияда есептерді шешуді ұйымдастыруға дайын болу; - өзгеріп отыратын талаптарда өзінің кәсіби қызметіне сәйкес қойылған кәсіби ортада өзін өзі дамыту тапсырмаларын өңдеу және көрсетуде, өзінің жұмыс барысында және шешімдерінің анализіне дайын болуы керек