Строительная керамика 2

Сипаттама: Студент керамикалық материалдар мен бұйымдарды жасау технологиясын зерттейді. Негізгі технологиялық бөліктерде болып жатқан процестерді оқып, өндірістік жабдықтарды дұрыс таңдауды үйренеді. Курсты оқып үйрену әр түрлі инженерлік есептерді шешумен, ғылыми әдебиеттерді пайдаланумен, жаңа технологиялар мен материалдарды игеруде өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын алумен сүйемелденеді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты күрделі құрылыстың заманауи талаптарына жауап беретін қазіргі керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін және дайындау технологиясын терең білетін мамандарды дайындау болып табылады.
Міндет
  • Пәннің міндеті қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қазіргі керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін және дайындау технологиясын білетін мамандарды дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуі тиіс: - қолданыстағы МЕМСТ талаптарына сәйкес қазіргі заманғы керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын дайындау технологиясы және қасиеттері; - бастапқы шикізатты тасымалдау, сақтау және өңдеу тәсілдері; - керамикалық материалдар өндірісін техникалық бақылаудың әдістері мен міндеттері; - құрылыс керамикасы технологиясын дамытудың перспективалық бағыттарына байланысты құрылыс кешеніндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Құрылыс керамика 2» пәнін үйрену нәтижилері мынадай: - Өндіріс саласында ғылыми-техникалық үрдістің келешегін көрсету және автоклавты материалдары қолдану; - Қажетті техникалық сипаттамаларымен және олардың зауыттық өндірісте рационалды технологиялық қолдануларымен құрылыс керамикасы материалдардың принципі жайлы түсінік беру; - Студенттерді құрылыс керамикасы материалдардың қасиеттерін сандық көрсеткіштермен бағалауға және әдістемелік принциптердегі олардың анықтамаларын жақсы білуге, сонымен қатар олардың эксплуатацияларының берілген шарттарына өте перспективті материалдар мен бұйымдарды таңдауға үйрету. Құрылыс керамикасы материалдардың барлық көптүрлілігін бір пәнде оқу үшін біріктіруге болатын курстың әдістемелік негізі болып басты технологиялық міндет – оның мақсаттылық сипаттамасымен материалдардың жоғарыкеуекті құрылымын жасау, сонымен қатар қаралған материалдар мен бұйымдарды қолдану аясы болып табылады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Хабардар болу - маңызды құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру кезіндегі саланың жетекші жағдайы туралы; - керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісіндегі өз мақсатына сәйкес тиімді энергия және ресурс үнемдеуші технологияларды құрудағы жаңашылдар мен рөлдер туралы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Командада жұмыс істей білу, оппоненттің пікірін құрметтеу, өндірістік міндеттерді шешу үшін жауапкершілік алу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, мансаптық өсуге ұмтылу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылар: - әртүрлі инженерлік міндеттерді шеше білу; - құрылыс керамикасы бұйымдарының қасиеттерін сандық көрсеткіштермен бағалау және оларды анықтаудың әдістемелік принциптерінде жақсы таныту; - шикізат материалдарына сынақ жүргізу; - дайын өнімнің сапасын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау; - шикізат материалдарын экологиялық қауіпсіздікті, отын-энергетикалық және басқа да материалдық ресурстарды үнемдеуді ескере отырып, өтімсіз өндіріске және өнеркәсіп қалдықтары мен халық шаруашылығының басқа салаларының өнімдерін кешенді пайдалануға артықшылық бере отырып, ұтымды пайдалану; -өндіріс саласында да, қарастырылып отырған материалдар мен бұйымдарды пайдаланудың берілген шарттары үшін ауыстыру саласында да еңбек сыйымдылығын төмендету.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Сазды жыныстардың сапасын арттыру тәсілдері Келесі сұрақтар оқытылады: 1. Саз жыныстарына олардың сапасын жақсарту мақсатында әсер етудің технологиялық және физика-химиялық тәсілдері 2. Әсер ету сипатына байланысты қабырға және Құрылыс керамикасы технологиясында сазды шикізатты активтендіру тәсілдері: физикалық, химиялық, биологиялық, механикалық
  • Сазды жыныстардың сапасын арттыру тәсілдері 2 бөлім. Саз жыныстарының сапасын арттыру тәсілдері 2 бөлім. Келесі сұрақтар оқытылады: Сазды шикізатты механикалық белсендеру
  • Құрылыс керамикасы бұйымдарын өндірудің заманауи тәсілдері Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) өндіріс тәсілдерінің сипаттамасы. 2) бұйымды пластикалық тәсілмен, қатты престеумен, жартылай құрғақ престеу тәсілімен өндіру. 3) Бұйымдарды өндірудің құрамдастырылған және шликерлік тәсілдері. 4) Өндірістің технологиялық схемаларының нұсқалары.
  • Керамикалық шикізат кірпішті кептіру технологиясының негіздері Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) керамикалық кірпіш-шикі кірпішті кептіру теориясының негізгі ережелері 2) табиғи және жасанды кептіру 3) энергетикалық белгісі бойынша кептіру әдістерін жіктеу
  • Керамикалық материалдарды кептіру кезінде өтетін процестер Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) диффузияның процестері мен жылдамдығы туралы түсінік. 2) шикі кірпішті кептіру процесінде шөгінді деформациялардың пайда болу механизмі.
  • Кептіру режимі Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) кептіру режимі туралы түсінік 2) кептірудің әртүрлі кезеңдерінде ылғалдың булану қарқындылығын реттеу. 3) Кептіру мерзімін қысқарту тәсілдері, кептірудің қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз ету, кептіру қасиеттерін жақсарту және Шикізат сапасын арттыру.
  • Керамикалық қабырға материалдарын күйдіру негіздері Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) күйдіру мақсаты 2) керамикалық қабырға материалдарын күйдірудің физика-химиялық негіздері 3) сазды минералдарды қыздыру кезінде болатын өзгерістер
  • Күйдіру кезіндегі саздағы фазалық және химиялық өзгерістерге байланысты процестер Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) Керамикалық материалдар құрылымындағы фазалық өзгерулердің әсері 2) керамикалық материал құрылымының белгілі бір түрінің түзілуіне себепші болатын факторлар
  • Күйдіру режимі Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) термиялық өңдеудің оңтайлы режимі. 2) пештің қалпына келтіру (газ) ортасының Керамикалық бұйымдардың сапасына әсері. 3) бұйымдарды вакуумда күйдіру. 4) құрамында отын бар шикіқұрамдардан жасалған керамикалық бұйымдарды күйдіру. 5) Отын және оны жағу
  • Жартылай құрғақ престеу кірпіш технологиясы Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) жартылай құрғақ престеу кірпіш технологиясы
  • Керамикалық ұнтақтан жасалған бұйымдарды престеу Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) Керамикалық ұнтақтан жасалған бұйымдарды престеу
  • Сығымдалған керамикалық шикі кірпішті кептіру және күйдіру ерекшеліктері Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) жартылай құрғақ қалыптаудың жаңа қалыпталған шикізатының құрылымын қалыптастыру. 2) жартылай құрғақ престеу қыш бұйымдарында черепканы қалыптастыру процесі.
  • Керамикалық кірпіштің ресурс үнемдеу технологиясы Тақырып бойынша келесі сұрақтар оқытылады: 1) Керамикалық қабырғалық материалдарды өндіруге арналған шикізат ретінде жылу электр станцияларының золының жай-күйі мен пайдалану перспективалары. 2) ЖЭС күлінің құрамында керамикалық отын бар шикізат ретінде жіктелуі. 3) ЖЭС золының гранулометриялық және минералогиялық құрамы. 4) ЖЭС күлінің физика-механикалық және жылутехникалық қасиеттері. 5) күл керамикалық массалардың қасиеттері. "Золокерам" қабырға материалдары технологиясының негіздері.
  • Түрлі мақсаттағы керамикалық бұйымдарды өндіру технологиясының ерекшеліктері Тақырып бойынша келесі бұйымдарды дайындау технологиясы оқытылады: Арнайы мақсаттағы кірпіш және тастар. Жабындарға арналған бұйымдар. Шатыр материалдары. Ғимараттардың қасбеттерін қаптауға арналған бұйымдар. Ішкі қаптауға арналған бұйымдар. Санитарлық-Құрылыс бұйымдары. Химиялық төзімді керамикалық бұйымдар.
  • Техникалық бақылаудың негізгі міндеттері мен әдістері Тақырып бойынша керамикалық бұйымдарды техникалық бақылау әдістері оқытылады.
Негізгі әдебиет
  • 1. Мороз И.И. Технология строительной керамики. Учебное пособие. Изд. ЭКОЛИТ, 2011. – 384 с. 2. Надеин А.А. Механическое оборудование для производства изделий строительной керамики. – Новосибирск: НГАСУ, 2002. 3. Наназашвили И.Х., Бунькин И.Ф., Наназашвили В.И. Строительные материалы и изделия. – М.: ООО «Аделант», 2006. – 480 с. 4. Станевич В.Т. Строительная керамика. – Учебное пособие. – Павлодар,: Кереку, 2008. – 96 с. 5. Штефан Г.Е. Технология строительной керамики. – Липецк; ЛГТУ, 2005. 6. Периодические издания: журналы «Строительные материалы», «Строительная керамика».
Қосымша әдебиеттер
  • 7. Сайбулатов С.Ж. Производство керамического кирпича. – М. Стройиздат, 1989 8. Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики. – М.: Высш.шк, 1985 9. А.Н. Родин, Салимбаева З.Н. Технология строительной керамики. Методические указания к практическим занятиям, СРС, СРСП по дисциплине "Технология строительной керамики"– Усть-Каменогорск, 2012г. - 23с. 10. Салимбаева З.Н Құрылыс керамикасының технологиясы: 050730, 5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру» мамандығының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау, барлық оқу түріне/ З.Н Салимбаева/Өскемен: ШҚМТУ, 2015-22бет 11. Салимбаева З.Н. Құрылыс керамика 2. 5В073000 «Құрылыс материалдарын, құрылымдар мен бұйымдарды өндіру» мамандығының студенттеріне тәжіребилік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар / ШҚМТУ – Өскемен, 2014г. - 23с. 12. Золотарский А.З, Шейнман А.Ш. Производство керамического кирпича. М: В.Ш., 1989 13. Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. – М.: Строииздат, 1989 14. З.Н. Салимбаева СТРОИТЕЛЬНАЯ КЕРАМИКА 2 Методические указания к практическим занятиям СРС, СРСП для студентов специальностей 5В073000 «Производство строительных материалов, изделий и конструкций» очной формы обучения, 2014