Технология металлов

Сипаттама: Құрылымдық материалдардан жоғары сапалы бұйымдар шығарудың заманауи әдістерінің негізгі анықтамалары, принциптері, тәртібі және ерекшеліктері. Өнімді қайта өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздері. Әр түрлі болаттар мен қорытпалардың физикалық-механикалық қасиеттері, олардың химиялық құрамы. Металл бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарға байланысты материалдардың көрсетілген механикалық қасиеттеріне қол жеткізу әдістері

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Дайындамалар мен тетіктердің сырт пішінін құру технологиялық процесінің негізгі тәсілдерінмен (құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесіп өңдеу) таныстыру, сонымен қатар технологиялық өңдеу үшін пайдаланатын құрал-жабдықтардың жұмыс атқару ретін игеру.
Міндет
  • Материалдардың құрылуы мен қасиеттері арасындағы байланысты, дайындамалардың қалып түзілуі мен машина бөлшектерінің негізгі технологиялық тәсілдері туралы білім беру сонымен қатар конструкциялық материалдарды талдау принціпін оқыту, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясымен білімгерлерді таныстыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көміртекті және легірленген болаттарды, түсті металдар негізді конструкциялық қорытпаларды таңбалау принциптерін жетік білу; металл мен қорытпаларды құю өндірісінің жетістіктерін, пісіріп өңдеу түрлерін, әртүрлі температурада қысыммен өңдеу жолдарын, кескіш білдектердің атқаратын жұмыстарын былу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студент дайындамаларды, тетіктер мен түйіндерді өңдеу кезінде технологиялық процесстерді өз бетімен таңдай білу керек, керекті жабдықтар мен құрал-саймандарды таңдай білу керек. Студент құю, қысым арқылы өңдеу, пісіру, кесу арқылы өңдеу операцияларын орындау бастапқы дағдыларын игеруі қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студент дайындамаларды, тетіктер мен түйіндерді өңдеу кезінде технологиялық процесстерді өз бетімен таңдай білу керек, керекті жабдықтар мен құрал-саймандарды таңдай білу керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Негізгі құзыреттіліктері: - қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды игеруге қабілетті; -өндірістік жағдайларда туындайтын мәселелерге өзінің кәсіби тұрғысынан шешім таба білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жаңа күнделікті кәсіптік өмірде және магистратурада оқуға қажетті білімдерді алу қабілетін арттыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы
  • Металдар мен қорытпалардың кристалдануы
  • Металдардың механикалық қасиеттері
  • Металдардың деформациясы мен қирауы
  • Металл қорытпалары
  • Көміртекті болат
  • Шойын
  • Термиялық өңдеудің теориялық негіздері
  • Термиялық өңдеу технологиясы
  • Химиялық-термиялық өңдеу
  • Легірленген болат
  • Түсті металдар мен қорытпалар
  • Құю өндірісі
  • Дәнекерлеу
  • Кесу әдісімен өңдеу
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Металлографиялық талдау
  • Металдардың механикалық қасиеттері
  • Пластикалық деформация және қайта кристалдану
  • Темір-көміртегі диаграммасы
  • Көміртекті болаттарды микроталдау
  • Шойынды микроталдау
  • Көміртекті болаттарды термоөңдеу
  • Түсті қорытпаларды микроталдау
  • Легірленген болаттарды микроталдау
Негізгі әдебиет
  • Технология конструкционных материалов. /Под ред. А.М. Дальского – М.: Машиностроение, 2010.
  • Технология конструкционных материалов. /Под ред. Г.А. Прейса – Киев: Высшая школа, 2011.
  • Технология металлов и сварка. /Под ред. П.И. Полухина – М.: Высшая школа, 2007.
Қосымша әдебиеттер
  • Лахтин Ю.М. и др. Материаловедение. – М.: Машиностроение, 2014, 528 с.: с ил.
  • Резание конструкционных материалов, режущие инструменты и станки./Под ред. П.Г. Петруха – М.: Машиностроение, 2014.
  • Бицоев Г.Д. Технологические процессы машиностроительного производства: Методические указания по выполнению лабораторных работ для студентов машиностроительных, механических, электромеханических, приборостроительных специальностей. / ВКГТУ. - Усть-Каменогорск, 2017. - 122 с.
  • Учебные слайды, плакаты, модели в соответствии с требованиями дисциплины.