Сапа аудиті
Сипаттама: Ұйымда сапа аудитін жүргізудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді; сапа аудитін жүргізудің түрлері мен тәртібін біледі, кәсіпорында сапа саясатының сақталуын бақылауды жүргізуге, ішкі және сыртқы аудитті дайындау мен өткізуді жүзеге асыруға, тиісті құжаттаманы ресімдеу қабілеттеріне ие болады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Стандарттау және сертификаттау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Ұйымда сапа аудитін жүргізудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- сапа аудитін жүргізудің түрлері мен тәртібін біледі және түсінеді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- кәсіпорында сапа саясатының сақталуын бақылауды жүргізуге, ішкі және сыртқы аудитті дайындау мен өткізуді жүзеге асыруға, тиісті құжаттаманы ресімдеуге қабілетті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- кәсіби міндеттерге қатысты шешімдер қабылдау дағдыларын меңгерген.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- іскерлік этика нормаларын сақтайды, этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларын біледі, қоғамдық пікірге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу және магистратурада білімін жалғастыру дағдыларын меңгерген.